2-сабақ. Лексикалық тақырыбы: Менің отбасым.
Грамматикалық тақырыбы: Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері
Біздің отбасымыз Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда бес адам бар. Олар: әкем, шешем, апам, ағам, және мен.Сіңлім, інім жоқ.
Менің әкем- дәрігер. Ол егде адам. Шешем мектепте мұғалім. Ол егде адам емес, жас. Апам- техникумда мұғалім. Ол әлі тұрмыста емес Ағам - зауытты жұмысшы. Мен оқушымын. Мен оның қарындасымын. Біздің отбасымыз өте жақсы. Біздің үй қаланың орталығында. Ло- бес қабатты үй. Біздің пәтер бесінші қабатта. Біздің пәтерімізде төрт бөлме бар.Үйіміз жарық және кең Терезелері үлкен, оңтүстік бетте.
Бүгін- демалыс күні. Әкем диванда газет оқып отыр. Шешем ас үйде жүр. Апам қонақта. Ағам далада футбол ойнап жүр. Мен кітап оқып отырмын. Бәрі өз жұмысында.
Грамматикалық тақырыбы: «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 жарлығына сәйкес бекітілген әліпби негізінде «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» жасалып, белгіленген міндеттерді дер кезінде және кезеңдер бойынша жүзеге асыру мақсатында Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық, Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жұмыс топтары құрылды.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» жобасын әзірледі. «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» жобасы Институттың Ғылыми кеңесінде талқыланып, мақұлданды.
СӨЖ 1. Өз жанұяңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
2. "Үлгілі отбасы"тақырыбында шығарма жазыңыз.