Сабақ Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл Грамматикалық тақырыбы : Латын әліпбиінің тарихи кезеңі Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру. Жұмыс жоспары


- сабақ Қазақ елі – бай ел. Жалқы есімдердің емлесі



бет22/35
Дата28.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#76821
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
20- сабақ
Қазақ елі – бай ел. Жалқы есімдердің емлесі


Ел ордасы – Астана
1998 жылғы 6 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы деп қайта атау туралы » ҚР Президентінің тиісті Жарлығы шықты. Осылайша, Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді. Жаңа Астана қаласы қаланы қақ жарып ағып жатқан Есіл өзені жағасында бой көтерді.
Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана бұрын Қараөткел, Акмолинск, Целиноград, Ақмола деп аталған. Астана Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана – Қазақстан республикасының әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы болып табылады. Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар көп: Президент Ақордасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ішкі істер, Сыртқы істер, Қаржы министрліктерінің ғимараттары, тұрғын үй және ойын-сауық кешендері т.б.Сондай-ақ Елорданың көрікті жерлерінің бірі – «Атамекен» этнопаркі. Ол саябақ Қазақстанның картасын бейнелейді. Қалада көкке өрлеген «Бәйтерек» монументі бар. Ос «Астана-Бәйтерек» монументі әлемдік қауымдастық алдында тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде танылады.


Жалқы есімдердің емлесі
§53. Кісінің аты, әкесінің аты, тегі бас әріппен жазылады: Dýlat Saǵynuly Berdaly, Qyrmyzy Nábıqyzy Seıdimbek.
§54. Кісі есімдеріне және -ov, -ev жұрнағымен аяқталған кісінің тегіне қосымша түбір сөздің соңғы буынына сәйкес үндесіп жалғанады: Álıhannyń, Álıhanǵa; Berdalyǵa; Dilshattyń, Dilshatqa; Nábıevanyń, Nábıevkе; Baıǵaraevtyń, Baıǵaraevqa.
Е с к е р т у. Соңғы буыны á-мен аяқталған кісі есімдеріне қосымшалар жуан жалғанады: Kúlásh-qa, Kúláı-ǵa, Bilál-ǵa.
§55. Екі сөзден құралған кісі есімдері бірге жазылады: Tóremurat, Aısáýle, Saqypjamal, Ábilqasym, Qasymjomart, Batyrhan, Tursynzada, Nurǵalı, Aıgúl, Aqbala, Aqylbek, Jaqsybaı, Shárbaný, Toqqoja, Nurbıke, Nuraıym, Nurdilda, Bıbihanym, Asyljan, Ahmetqazy.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет