Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі
Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Әрине, бұл – қазақ жұрты, барлық Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Бар әлемді бір дүр сілкіндірген табыстарымыздың ұйтқысы да – осында. Бейбітшілігіміз де, жақсылығымыздың да, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Менің елім, туған жерім – Қазақстан. Сонау ұлан-байтақ жері Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. «Отан» деген сөз ежелден көшпелі өмір сүрген ата-бабамыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек-ау. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
ДЕФИСПЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ
§46. Цифрға тіркелетін % (пайыз), 0С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-ǵa, 10 0С-den tómen.
§47. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qup. Бірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.
§48. Ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: у́eb-braýzer, у́eb-dızaın, у́eb-ınterfeıs, у́eb-saıt; eks-ákim, eks-múshe.
§49. -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵyn шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис (-) арқылы бөлініп жазылады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, ádemisin-aı, aıtqan-dy, barypty-mys, kelipti-mis, kóretin-di; еrek-tin, bar-tuǵyn, joq-tuǵyn.
Достарыңызбен бөлісу: |