§56. Кісі есімдері сыңарларының жігіндегі дыбыстар ауызша айтылуына сай жазылады: Aıǵyz, Baıgeldi, Esenǵul, Qaragóz, Kenjáli, Bıbajar, Qojahmet.
§57. Араб, парсы тілінен енген кісі есімдері қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес жазылады: Ysqaq, Yrysjan, Yrysaldy, Ysmaıyl немесе Symaıyl, Muhambet, Ibragım, Ybyraıym, Bátıma, Qasen, Qusaıyn, Qadısha, Pazyl, Ábdiqadir, Álbeıbarys.
21-сабақ
Ақын-жазушылар. Жалқы есімдердің емлесі
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған.Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Абай орыс классиктерінің шығармаларын аударып қана қоймай, сол аударма өлеңдерге ән де шығарған. Абай әндерінің үшінші бір саласы-осындай аударма өлеңдерінің негізінде шыққан әндер тобы. "Татьянаның хаты", "Онегиннің хаты" әндері - кезінде қазақ даласына кең тараған шығармалар. Бұл сияқгы әндер Пушкин поэзиясын қазақ тілінде өлеңмен де, әнмен де насихаттау ниетінен туғаны байқалады.
Жалқы есімдердің емлесі
§58. Тарихи тұлға есімдеріндегі ататекті айқындайтын сөзалды, сөзортасы нақтылаушы артикльдер есім сыңарларының ортасында, сөйлем басында,
есім сыңарының алдыңғысы түсірілгенде, бас әріппен жазылады: Ábýnasyr ál-Farabı, Áz-Zahır Rýkn ád-Dın Beıbarys, Leonardo da Vınchı, Janna d’Ark, Fon der Gols, Lıýdvıg van Bethoven; Ál-Farabıdiń murasy barlyq túrki halyqtaryna ortaq. Barsha túrki halyqtary úshin Ál-Farabıdiń murasy qundy. Көрсетілген есімдерге қосымшалар буын үндестігіне сәйкес жалғанады: Leonardo da Vınchı (-diń, -ge, -i); Fon der Gols (-tyń, -qa, -y); Vılgelm fon Gýmboldt (-tyń, -qa, -y).
Достарыңызбен бөлісу: |