1-тапсырма. Мәтінді жалғастырып жазыңыз. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». (Ж.Аймауытов). Негізінде, мамандық таңдауда үш бастаманы жадыңда ұстанғаның жөн: қалаймын, қолымнан келеді және қажет. Яғни сенің таңдаған мамандығың өзіңнің мінез - құлқыңа сай келуін қадағала, қолыңнан келетін іске ұмтыл, заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықты да таңдаған дұрыс, жеке өзіңнің пікірің маңызды, жүрек қалауыңа сүйене отырып шешім қабылда. Кейде біріеулер мамандықтарды «беделді» және «беделсіз» деп екіге бөліп жатады. Бұл – қате пікір. Кәсіпті беделді ететін – адам. Егер сен жұмысыңды жоғары деңгейде атқарып, өзіңді жақсы қырыңнан таныта білсең, онда сен де, мамандығың да «беделді» болады. Сондықтан жақсы маман болуға тырыс: ...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
7-cабақ Тәрбие. Түбір сөздердің емлесі.
Жанұя – тәрбие мектебі Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Жеке адамның жақсы қасиеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақта отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атадан қалған ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған.
Тәрбие – айтқанын істету арқылы емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші-қолаңмен татулықта болу, сөйлеу мәнері арқылы қалыптасады. Бала – жанұя тәрбиесінің айнасы.
Жанұяда әр адамның өз орнын білуі, дастархан басында отыру мәдениеті болуы тиіс. «Әке тұрып ұл, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген мақал – лайықты тәрбие.
«Ел болу үшін – бесігіңді түзе» деген, ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар, тәуелсіз еліміздің болашағын биікке көтерер білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – ұлы парызымыз.
Латын әліпбиі Латын әліпбиі, қазіргі таңда әлемде кеңінен қолданылады. Біздің заманымыздан бұрын 7 ғасырдада Римде грек сонымен қатар этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған.
Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.