Сабақ Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл Грамматикалық тақырыбы : Латын әліпбиінің тарихи кезеңі Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру. Жұмыс жоспары



бет6/35
Дата28.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#76821
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
6-сабақ
Лексикалық тақырып: Өнер
ı (и), ý (у) әріптерінің емлесі
Өнер
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:

  1. Көркем әдебиет

  2. музыка

  3. мүсін

  4. кескіндеме

  5. театр

  6. кино

  7. би

  8. сәулет өнері т.б. түрлері бар.



Фонетика


§8. ı (и), ý (у) әріптері шеттілдік сөздерде дара дауысты дыбыс ретінде таңбаланады: ınstıtýt, kıno, granıt; ýnıversıtet, fýtbol, resýrs.
§9. Айтылудағы uý(ұу), úý(үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.
§10. Айтылудағы ıuý (йұу), ıúý (йүу) дыбыс тіркестері ıý әріп тіркесі түрінде жазылады: baıý, qoıý, oıý, jaıý, taıý, kúıý, túıý, kórkeıý, kóbeıý, súıý.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет