Сабақ Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл Грамматикалық тақырыбы : Латын әліпбиінің тарихи кезеңі Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру. Жұмыс жоспары


– сабақ Сәлемдесу, танысу. Әріптердің емлесі. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі



бет3/35
Дата28.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#76821
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Латын жазуы китап

3 – сабақ
Сәлемдесу, танысу. Әріптердің емлесі. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі.
Сәлем – сөздің анасы
Қазақ тілінде сәлемдесудің (амандасудың) түрі өте көп. Соның ішінде жас адам жасы, жолы үлкен ер адамға алдымен ұмтылып, екі қолын кеудесіне қоя қусырып, «Ассалаумағалайкум» деп дауысын шығарып амандасады. Бұл арабша «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген мағынаны білдіреді. Қарсы жақ та дауысын шығарып, ізетпен «Уағалейкум ассалам» деп қол алысады. Бұл арабша «Сізге де Алланың нұры жаусын!» дегенді білдіреді.
Егер жас адам қарияға жол үстінде кездессе, амандасудан кейін «Жолыңыз (сапарыңыз) оң болсын» дейді. Қария «Әлей болсын» деуі керек.
Ауылдың бір адамы ұзақ сапардан оралса, мейлі ол жас болсын, оған ел адамдары барып амандасады. Халқымызда «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген мақал содан шыққан.
Қазіргі кезде сәлемдесудің ең көп тараған түрі – «Сәлеметсің (Сәлеметсіз) бе?!», «Амансың (Амансыз) ба?!» немесе «Есенсің (Есенсіз) бе?!». Содан кейін орыс тіліндегі үлгісімен:
Қош келдіңіз!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Кеш жарық!
Қайырлы түн! –
деген сияқты сәлемдесу сөздері ретіне қарай айтыла береді. Ерте замандарда «Армысың»», «Армысыз!» деп амандасқанда, жауап беруші жақ «Бар болғын, балам!» дейтін болған.

Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, е, і, о, о́, u, ú, у.
§1. а, е, і, у әріптері сөздердің барлық буынында жазылады: ana, baqyt, shaǵala, balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kórkem; yqpal, yrys, mysal, jańǵyrý, baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.
§2. а́, о, о́, u, ú әріптері сөз басында, бірінші буында, сондай-ақ қос сөз бен біріккен сөздің соңғы сыңарының бірінші және екінші буындарында да жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, kósem, bórik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe, túbegeıli; ataq-dáreje; atakásip, habar-oshar, kásiporyn; sózbe-sóz, kelissóz; el-jurt, tikushaq, qaz-úırek, aqtútek, endigári, ájeptáýir.
Е с к е р т у. Кейбір кірме және шеттілдік сөздердің екінші, үшінші буынында да а́, o, ó, u, ú, әріптері жазылады: sirá, kiná, kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, dúdámal; bulbul, maǵlumat, samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, absalút, festıvál, kоbált, banknot, skrınshot.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет