БІРІНШІ САБАҚ
Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл – рухани байлық
Грамматикалық тақырып: Терминдер
Берілген мәтінді оқып, абзацтарға бӛліңіз. Әр абзацқа ат қойыңыз.
Мемлекеттік тіл – рухани байлық.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі -
ҽлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі.
Тіл қай елде, ұлтта
болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл ҽрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер
туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден
басталуы керек. Айналада адамдарға, ҿзіңнің ҿскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен
кҿзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл –
халықтың рухани, мҽдени байлығының
дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас
болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті
туралы қанша айтсақ та
таусылмайды. Адамзаттың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл
тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен
қымбат нҽрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы,
тұрмыс тіршілігі,
мінезі айқын кҿрініп туады» - деген. Тіл байлығы - ҽрбір ұлттың мақтанышы. Ҽр азамат ҿзінің
ана тілін, кҿзінің қарашығындай қарауы керек жҽне ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы
тұруға тиісті.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сҿйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа
халықты айтпағанда, ҿз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де
кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сҿйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге
кҿтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды кҿргенде
Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жҽндік» -деп ашына айтқаны ойға
оралады. Елінің болашағын ойлаған ҽр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген
кҿмегін аямауы тиіс. Ҿкінішке орай, соңғы кезде кҿптеген қазақ жастары ҿз
ана тілін
бұрмалап сҿйлеуді ҽдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, ҿз ана тілімізді
қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Тҿл тілінде сҿйлеуден безу – ана сүтін беріп
ҿсірген анаңды ұмытумен бірдей.
Қазақстан - ҽлемдегі ең мықты, бҽсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ
тілін жоғары мҽртебеде ұстауы керек.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ
тілінің сҿздік құрамы ҿте бай, оған 67 мың тізімдік сҿз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес –
барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме
сҿздігі» куҽ бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына
кіреді (татар,башқұрт,
қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) жҽне ол,
ҽсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең кҿне бастауын ҽр
кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.),
Жүсіп Баласағұнның «Қүтадғу білік» еңбегі, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік»
еңбегі, Ахмет Йүгінекидің «Һибат ул һақайық»еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметі» (10-
12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай жҽне қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады.
Сонымен қатар, халық ауыз ҽдебиетінің дҽстүрлері мен тілдік нормаларында
қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар
мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен
Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ ҽдеби тілі.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын
графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын
қолдануда.
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — ҽлемдегі алты мыңға
жуық тілдердің ішіндегі
қолдану ҿрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен кҿркемдігі, оралымдығы жағынан
алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша жҽне жазбаша тіл
мҽдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің жҽне мемлекеттік мҽртебеге ие екі жүз тілдің
қатарында тұр.
Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт ҿкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ
халқының тұрмыс-ҽдебиетін, ҽдет-ғұрпын, мҽдениетін, ҽдебиетін, тілін білуі міндетті.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің ҿмір сүруі мүмкін
емес. Ҽлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол ҽрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сҿз. Ал, бұлардың
бҽрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Ҿмірдің
алмастай қырын, абзал сырын түсіне
білуіне басты себепкер – ана тілі.
(
Қазақ тілі энциклопедиясынан)