- «Жаздыгүні» өлеңінің мазмұнын түсінеді; - өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды; - тірек сөздерді пайдаланып, суреттер бойынша әңгіме құрастырады;
Белсенді әдістер:
С. Өлеңді оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының,
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер,
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай,
Айнала шауып бұлтылдап.
(Абай Құнанбайұлы)
2-тапсырма.
Жаз мезгіліне суреттеп, ерекшелігін, қызығын айтып, топтастырады, суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
Жазылым Сөздерді орыс тіліндегі баламасымен сәйкестендіреді.
Сабақтың соңы
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды
Бас бармақ жоғары қарап тұрса – Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса – Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса – Мен түсінбедім