Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет5/64
Дата20.09.2023
өлшемі216,16 Kb.
#109118
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

1. Организм және орта.
Орыс физиологы Сеченов мынадай қорытынды жасаған: Организмнің тіршілігін қолдайтын сыртқы орта, сондықтан организмнің ғылыми анықтамасына оған әсерін тигізетін орта да кіруі тиіс. Шындығын айтқанда табиғат пен әлеуметтік ортадан тыс адамның болуы мүмкін емес. Организм біртұтас, оның барлық организмдарының, ұлпаларының және жүйкелерінің құрылысы мен қызметі өзара байланысты. Біреуінің құрылысы мен қызметі өзгерсе, басқаларының да құрылысы мен қызметі өзгереді. Сыртқы орта жағдайларының организмге әсер етуі, организмнің тіршілік жағдайына реакциясы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Бала организмі сыртқы ортаның белгілі бір жағдайына тәуелді дамиды. Орта организмге әсер етіп, оның даму бағытын анықтайды. Бала организмінің құрылысы мен қызметі өсіп жетілуіне әлеуметтік ортаның тікелей маңызы бар.
Әлеуметтік орта баланың психикасы мен денесінің дамуына белсенді, жүйелі, мақсатты әсерін тигізеді. Организмнің өсіп- дамуы сыртқы орта факторларымен қатар ішкі факторларға да тәуелді. Ішкі факторларға: тұқымқаулаушылық, жүйке жүйесінің жағдайы мен ішкі секреция бездерінің әрекеті, әсіресе гипофиз, жыныс бездері, қалқанша без т.б. жатады. Сыртқы және ішкі орта факторлары ұрпаққа тек ана организмінен емес, сонымен қатар әке организмінен де жағымсыз әсер етеді. Әкесі немесе шешесі ішкілікке салынған жағдайда ұрпақтың дамуы жиі бұзылады. Маскүнемге айналған адамдар дүниеге келген балалардың ақыл- ой қабілеті төмен болады.
2.Өсу және даму.
Адам организмі біртұтас жүйе ретінде онтогенездік кезеңдерде өсіп тіршілік жасайды. Адамның тіршілік әрекеті жас кезеңдеріне сай өзгеріп отырады. Өйткені онтогенездік дамудың әрбір сатысында өзіндік физиологиялық көрсеткіштер қалыптасады. Өскелең организмнің жетілуі- өсу, даму, дене пішінінің қалыптасуы арқылы жүреді.
Өсу- организмнің анатомиялық және морфологиялық жағынан өзгеру, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгерісі. Өсу бала организмінің сан жағынан өзгеруіне байланысты сипатталады.
Даму- организмде өтетін ұлпалардың, органдардың және бүкіл организмдердің физиологиялық жағынан, яғни олардың белгілі бір уақыт аралығында функциялық жағынан жетіле түсуін сипаттаған сапалық өзгерістер. Бала организмінің өсуі мен дамуы өзара байланысты әрі сапа, әрі сан өзгерістеріне ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет