«04»қазан, 2023ж Ұйымдастырылған тақырыптық іс-әрекет Ортаңғы «Балапан» тобы (3 жас) Тақырыбы: «Төрт түлігім-ырысым»



Дата28.11.2023
өлшемі174,93 Kb.
#130948
түріСабақ
Байланысты:
Балапан түрт түлік


Бекітемін
ЖШС «Оспан05,Адина»балабақшасы
Меңгеруші: Баймуханова Т.С
«04»қазан , 2023ж


Ұйымдастырылған тақырыптық іс-әрекет
Ортаңғы «Балапан» тобы (3 жас)
Тақырыбы: «Төрт түлігім-ырысым»

Тәрбиеші:Мүтәліп Т. М
Алматы қ, 2023-2024ж.


Сабақтың тақырыбы: "Төрт түлігім-ырысым "
Сабақтың мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері слайд түрінде
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, қайырлы күн, Күлімсіреп шықты күн!
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше бір қызық сабақ. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Төрт түлігім-ырысым "
Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар , біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен дем алайықшы. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде өрісте жүрген малдардың дауыстар қойылады.
Балалар: -Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер.
Мұғалім: Осы үй жануарлары сендердің үйлеріңде бар ма?
Мұғалім; Олар қайда жайылып жүр?
-Дұрыс, жайлауда немесе өрісте жүр.
- Балалар, ал қазір «Мал қалай дыбыстайды?" деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.
Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау.
Сергіту сәті:
Қошақаным тұршы, Беті –қолыңды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Орныңа
отыршы.


Мұғалім: Ал енді балалар тақтаға қарайық.
-
Балалар тақтада ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.
-Мынау ненің суреті?
-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай?
Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба.
Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.
Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.
Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?


Балалардың жауаптары:
Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.
Келесі ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-Дұрыс, ешкі. Ешкінің төл-лақ.
Ешкі шөре-шөре деп шақырады.
Ешкіден ет, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды.
Ойын: «Ішіне-сыртына».
Ойынның мақсаты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.
Малды теппе. Ақты төкпе. Малды ұрма.
-Енді балалар, бәріміз төлдер"Төлдер" әнін орындайық.
-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымызды шақырайық. Айсана бізге қазақтың биін билеп берем дейді.
Ойын:Кубик-рубик.
Ойынның мақсаты:Оқушылардың танымдық біліктерін арттыруға арналған жаттығу.
Тәжірибелік бөлік: Балаларды түліктің бірі сиырмен таныстырып оның бізге тигізер пайдасын түсіндіру, сиыр саууды үйрету, құрт жайдыру.
Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет