Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет8/64
Дата20.09.2023
өлшемі216,16 Kb.
#109118
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

3. Жас кезеңдері.
Қазіргі кезде адам өмірін кезеңдерге бөлудің жалпы жіктелісі –классификациясы жаңа талаптарға сәйкес келмейі. Себебі педагогика саласында және медицинада қолданып жүрген жас кезеңдерін атаудың айырмашылығы бар. Педагогикалық жас кезеңдер: нәрестелік, сәбилік, мектепке дейінгі, кіші, орта, ересек мектеп жасы деп бөлінеді.
Осыны ескеріп оқулықта онтогенездік кезеңнің жас морфологиясы мен физиологиясы қолданатын 1965жылы. Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ, ересектік шақ болып 3 сатыға бөлінеді:
І. Құрсақта (антеналдық)- 2 айға жуық ұрықтық даму –эмбриогенез және 2-9 ай аралығы нәрестелік даму (фетогенез) кезеңдерінен тұрады.
ІІ. Балалық шақ (постнаталдық, құрсақтан тыс даму) бірнеше кезеңнен өтеді:

  1. Жаңа туған (неонаталдық) кезең- туғаннан 4 апта дейін, перзент қырқынан шыққанша созылады. Бұл кезеңде организм сыртқы ортаның жаңы жағдайларына икемделеді. Шараналық (плаценталық) қанайналым өзгеріп, өкпе арқылы тынысалу қалыптасады. Осы алғашқы 1 аптаға жуық неонаталдық мерзімін өтпелі тез бейімделу кезеңі дейді;

  2. Еметін, бөбектік шақ- бөбек өмірінің 1 жылы;

  3. Алғашқы балалық, сәбилік шақ- 1-3жас;

  4. Бірінші балалық, естиярлық шақ-4-7жас;

  5. Екінші балалық, бүлдіршіндік шақ: ұлдар 8-12жас, қыздар-8-11жас;

  6. Жеткіншектік, балиғаттық (пубертаттық) шақ- ұлдар 13-16 жас, қыздар- 12-15жас;

  7. Жасөспірімдік, бозбалалық шақ- жігіттер 17-21жас, бойжеткен 16-20жас;

ІІІ. Ересектік шақ бірнеше кезеңнен құралады:
1.Кәмелеттік жас 2 жіктеледі:
-кемел жас- ерлер 22-35, әйелдер-21-35жас. Бұл кезеңде адамның өсуі тоқтайды, организмнің құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс әрекет белсенді, тиянақты болады;
-кемел жас- ерлер 36-60жас, әйелдер 36-55жас. Олардың жүйке, эндокринді жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттері күрделі өзгерістерге душар болады, климакс кезеңіне сәйкес кейбір аурулардың алғашқы белгілері пайда болады;
2. Егде жас- ерлер 61-74, әйелдер 55-74жас. Бұл кезеңде организм тез қартаяды, оның қабілеті азайып, бейімделіс әрекеті төмендейді. Сондықтан олар осы жаста ауруларға жиі шалдығады;
3.Кәрілік жас- 75 жастан асқаннан кейін басталады. Организм тозып, инволюция- кері кету байқалады. Негізгі тіршілік әрекеті күрт төмендейді.
4. Ұзақ өмір сүрушілер 91 жастан асқан кісілер. Ағзасы әлсірейді, қол-аяғы қалтырайды, ұйқы нашарлайды. Кейде ширақ қарттар болады.
Өсу және даму дәрежесіне байланысты организмдардың құрылысы мен қызметі организмдердің мұқтаждығы өзгереді. Баланың ынта- көңілі мен мінез- құлығы басқаша болады. Соған байланысты балалардың өмір сүруін ұйымдастыруда тәрбие және білім беру жағдайы да өзгеруі тиіс.
Балалардың өсіп- даму кезеңдерін жүйелі сипаттаған негізігі ерекшеліктерді анықтау мақсатында бірнеше жас кезеңдеріне бөлген. Қазіргі кезде жас кезеңдеріне бөліну мәселесі әр түрлі. Педагогтар үшін өте ыңғайлы жас кезеңдерін бөлу схемасын былай ұсынуға болады: бұл схема бала дүниеге келген күннен бастап 17-18 жас аралығын қамтиды. Бұл схема педагогикалық және әлеуметтік критерийлердің негізінде құрылған. Схема былай сипатталады:
1.Нәрестелік жас;
2.Мектеп жасына дейінгі (алғашқы кезең 1-3 жасқа дейін);
3.Мектеп жасына дейінгі (екінші кезең 3-7 жасқа дейін);
4.Төменгі мектеп жасындағылар (7-12 жасқа дейін);
5.Орта мектеп жасындағылар (11-15 жасқа дейін);
6.Жоғары мектеп жасындағылар (15-18 жасқа дейін).
Бұл жас кезеңдерінің бөлінуінде биологиялық жас көрсеткіш ретінде баға беретіндей көптеген белгі көрсеткіштер қамтылған: денесі мен организмнің мөлшері, массасы, сүйектердің қатаюы, тістің жарылуы, ішкі секреция бездерінің дамуы, бұлшықеттердің күші, жыныстық жетілу дәрежесі т.б. Сонымен қатар қыздар мен ұлдар ерекшеліктері ескерілген. Жас кезеңнің бірінен келесі кезеңдермен ауысу жеке бастың дамуындағы өзгерістер кезеңі болып сипатталады.
Қартаю (инволюция)- жасқа байланысты организмді тоздырып, кәрілік аурулар көбейетін, адамның тіршілк қабілеті төмендейтін, ақырғы кезең. Қартаю екпініне қарай қалыпты, ерте (прогерия), баяу (ретардация) болып бөлінеді. Қартаюдың зақымдаушы әсеріне қарсы организмнің витаукт қасиеті болады, бұл өмір мерзімін межелейді. Витаукт (вита-өмір, аукт- өсіру)- организмнің бейімделіс қасиетін ұзақ уақыт ұстап тұру қабілеті.
Кәрілік жеке дамудың біртіндеп, міндетті түрде келетін, адам өмірінің соңғы кезеңі. Тірі организмді, оның ішінде кәрі адамның тіршіліктік өзгерістері мен қартаю заңдылықтарын – герантология ғылымы зерттейді.
- Гериатрия- егде, кәрі жастағы адамдардың ауруларын анықтау, тексеру әдістерін тауып, оларды тиімді емдеу, аурудын алдын а лу шараларын жасайды.
- Макробиотика- ХҮІІІ ғасырда пайда болған, адам өмірін ұзартуға арналған саласы.
- Саналогия (денсаулық)- салауатты өмір салты, оның дұрыстығын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет