Организмнің дене бітісінде жыныстық диморфизмдік және тірліктік айырмашылықтар болады. жыныстық жетілу алғашқы кезде қыздарда-11-12, ұлдарда- 14-15жаста жедел өсуі байқалады.
Балалардың әркелкі дамуы дене салмағына да әсер етеді. Баланың бір жасында дене салмағы 3 есе артады. Кейін жыл сайын қосылатын салмағы кеміп, ол 2-3кг шамасында болады. жыныстық жетілу кезеңінде дене салмағы тез артады. Жыл сайын қыздар 4-5кг, ұлдар 7-8кг салмақ қосады;
Ми мен жұлын салмағының артуы бастауыш мектеп жасында аяқталады, бірақ жүйке жүйесі қызметінің жетілуі жас өскен сайын жалғаса береді;
Баланың қарқынды өсуі ажыратылыс (дифференциация) процетерінің бәсеңдеуімен қатар жүреді және тез жіктелу, керісінше организмнің өсуін баяулатады;
Балалар денесінде өсуі мен психикалық дамуы әртүрлі деңгейде болуы мүмкін. Бұл олардың тектік қасиетіне, әлеуметтік жағдайына, тәрбиелеген ортасына байланысты.
Өсудің сұңғақталып ұзарып және жұмырланып көлденең өсетін кезеңдері болады. Дене ұзындығы орта есеппен 25см-ге жоғарылайды, ал массасы 6-7 кг артады. Организмнің бұл даму кезеңін алғашқы созылу кезеңі деп атайды. Осыдан соң өсу қарқыны біршама төмендейді де жұмырлану кезеңі басталады 1жастан -3жасқа). Екінші созылу кезеңі 5-7 жаста байқалады. Осы кезде дененің өсуі жыл сайын 7-10см-ге жетеді. 7-11 жас аралығында екінші жұмырлану кезеңі басталады. Әрі қарай дененің даму қарқыны жыныстық жетілу кезеңінде байқалады., яғни созылудың үшінші кезеңі (11-12 жастан 15-16 жасқа) басталады. Осыдан кейін өсу қарқыны төмендей түседі де қыздар шамамен 18-22 жасқа дейін, ер балалар 20-25 жасқа дейін өседі. Жас жоғарылаған сайын бастың мөлшері кішірейеді, қол мен аяқ ұзара түседі. Қыздар мен ер балалардың салмағы 10 жасқа дейін шамалас болады. 11-12 жаста қыздар салмақ жағынан ұлдардан біршама жоғары болады, яғни 1 жыл ішінде 4-5 кг, ал 14-15 жаста 5-8 кг салмақ қосады.