VІІ. Қорытындылау.
VІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 10-жаттығу. №1, №3, №7.
10-сынып.
Сабақ тақырыбы:§5.1,§5.2. Ішкі энергия.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.
Сабақ мақсаты:
Идеал газдың ішкі энергиясы, көп атомды газдың ішкі энергиясы,ішкі энергияны өзгерту тәсілдері туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақ түрі:аралас
Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дененің ішкі эенргиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады.
Идеал газдың ішкі энергиясы:
Көп атомды газдың ішкі энергиясы дегеніміз – серпімді шариктер деп қарастыруға болатын молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы.
Екі атомды идеал газдың ішкі энергиясы молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының кинетикалық энергиясы мен айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең.
Үш атомды идеал газдың ішкі энергиясы:
Бір күйден екінші күйге өткен кезде термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі сыртқы күштердің жұмыс мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең және ол осы өтудің қалай іске асатынына тәуелсіз.
∆U=Q-А немесе Q=∆U +А – термодинамиканың І заңы.
Ішкі энергия термодинамикалық жүйенің күйін сипаттайтын функция да, ал жұмыс пен жылу мөлшері қандай да бір процестің нәтижесінде жүйенің ішкі энергиясының өзгерісін сипаттайтын шамалар болып табылады.
Жұмыс пен жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өзгерісінің мөлшері болып табылады.
ІV. Пысықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |