ІV. Есептер шығару. 11-жаттығу. №4, №5, №6.
VI. Қорытындылау.
VIІ.Бағалау.
VІIІ.Үйге тапсырма: §§5.4. 11-жаттығу. №1 №2 №3.
10-сынып.
Сабақ тақырыбы:§5.5.Жылусыйымдылық.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға жылу мөлшері ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру, жылу сыйымдылық туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақ түрі:аралас
Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
Жылу берілу дегеніміз не?
Жылу берілу түрлерін атаңдар.
Жылу берілу механизмін түсіндіріңдер.
Калориметрдің құрылысы қандай және ол не үшін керек?
Жылулық құбылыстарды зерттеуде калориметрдің рөлі қандай?
Жылу баланс теңдеуі нені білдіреді?
ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақтың түсіндірілу барысы презентация арқылы экранда демонстрацияланады).
-заттың меншікті жылу сыйымдылығы.
Заттың меншікті жылу сыйымдылығыдегеніміз –температурасын 1 К-ге жоғарылату үшін дененің бірлік массасына қанша жылу мөлшерін беру керек екенін көрсететін физикалық шама.
Өлшем бірлігі 1 Дж/кгּК.
Тұтас дененің жылулық қасиеттерін сипаттау үшін –дененің жылусыйымдылығын С пайдаланады.
Өлшем бірлігі 1Дж/К.
Заттың бір молінің жылу сыйымдылығы мольдік жылу сыйымдылық деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |