ІV. Есептер шығару. 11-жаттығу. №7 №8, №9.
VI. Қорытындылау.
VIІ.Бағалау.
VІIІ.Үйге тапсырма: §§5.5. 11-жаттығу.№10, №11. №12.
10-сынып.
Сабақ тақырыбы:§5.6. Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңы.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға Румфорд пен Джоуль тәжірибелерінің жылу табиғатын зерттеудегі рөлі туралы, Майер мен Гельмгольцтің жылулық құбылыстарды зерттеуге сіңірген еңбектері туралы түсінік беру.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақ түрі:аралас
Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деген не?
Оның формуласы қандай?
ХБЖ-да заттың меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі қандай?
Дененің жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
Оның формуласы қандай?
ХБЖ-да дененің жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі қандай?
Мольдік жылу сыйымдылық деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақтың түсіндірілу барысы презентация арқылы экранда демонстрацияланады).
Көптеген тәжірибелер денені оған жылу мөлшерін бермей-ақ жұмыс атқару арқылы қыздыруға болатынын көрсетті.
1798 ж. Румфорд: зеңбіректің ұңғысын жегілген аттардың көмегімен айналдырылатын үлкен тескішпен тескенде, оның қызатынын байқады. Ол тескіш айналған кезде атқарылатын жұмыстың әрекетінен қызады деп қорытынды жасады.
1799 ж. Г. Дэви мұздың кесегін бір-біріне үйкеген кезде ол еріп, суға айналды. Тәжірибе ауада, сосын мұзға жылу жеткізу мүмкін болмайтын вакуумде жүргізілді.
Х
Калориметрде сынап бар. Жүктер төмен түскенде қалақшалар айналысқа келіп, сұйық қызады. Тәжірибенің басында және соңында жүктер, қалақшалар мен сынап тыныштықта болады, сөйтіп, олардың кинетикалық энергиялары тәжірибе барысында өзгермейді. Жүктердің қозғалысы кезінде атқарылатын жұмысты біле отырып және қалақшалардың сынапқа үйкелісі кезінде температураның артуын өлшей отырып, Джоуль 4,2 Дж жұмыс атқарылғанда температураның артуы денеге 1 кал жылу берген кездегі артуымен бірдей болатына көз жеткізді.
ІХ ғасырдың ортасында Джоуль жылу энергияның барлық түрлерінің арасындағы байланысты және жылу мен механикалық энергия арасындағы сандық қатынасты тағайындауға тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: |