Сабақ мақсатына сай қалыптастырушы бағалау тапсырмасын дайындау


Тақырыбы Заңнамада отбасы қалай қорғалған? Оқу мақсаты



бет2/2
Дата31.12.2021
өлшемі23,89 Kb.
#23868
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Токбенбетова Э

Тақырыбы

Заңнамада отбасы қалай қорғалған?

Оқу мақсаты

9.5.1.1 Неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру

Ойлау дағдысы- ның деңгейі

Білу және түсіну

Бағалау критериі

Неке және отбасы ұғымдарын сипаттайды

Тапсырма

Берілген терминдерді сипаттап, мысал келтіріңіз

Сөздіктер

Сипаттамасы

Мысалы

Отбасы







Неке







Неке жасы







Неке қию







Отбасы құқығы









Бағалау критериі

Дескрипторы

неке және отбасы ұғымдарын сипат-тайды

- отбасы, неке, неке жасы, неке қию, отбасы құқығы ұғымдарына сипаттама береді;

- отбасы, неке, неке жасы, неке қию, отбасы құқығы ұғымдарына мысал келтіреді.


«Заңнамада отбасы қалай қорғалған?» тақырыбының оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарда - 9.5.1.1 неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру, деп белгіленген. Оқу мақсатында дамытуға бағытталған дағдысы – түсіндіру екенін басшылыққа алып, ойлау дағдысының деңгейін барлығына арнап «Білу және түсіну» деп алдым. Соған сәйкес сабақтың күтілетін нәтижеге жеткен-жетпегенін өлшейтін бағалау критериін «Неке және отбасы ұғымдарын сипаттайды» деп белгілегенді жөн көрдім. Сонымен оқу мақсатынан ойлау деңгейі мен бағалау критериін әзірлеп алғаннан кейін, енді соларға сәйкес тапсырма ойластырамыз. Мен қалыптастырушы бағалау тапсырмасының шартын бүгінгі сабақта оқып-үйренген сөздіктерді бекіту мақсатында Берілген терминдерді сипаттап, мысал келтіріңіз дегенге тоқтадым. Сонда жоғарыдағы тапсырма пайда болды.

Енді тапсырманы барлығының сауатты орындауына және тиісті ортақ жетістікті алу үшін нақты орындау қадамдары – дескрипторларын ұсынуым керек, оны былай етіп белгіледім:


  1. отбасы, неке, неке жасы, неке қию, отбасы құқығы ұғымдары бойынша сипаттама береді;

  2. отбасы, неке, неке жасы, неке қию, отбасы құқығы ұғымдарына мысал келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат ете отырып, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім сапасын арттыруда бірін бірі толықтырып отырады. Демек, оқушылардың:

- бірігіп талдау мәдениеті қалыптасады;

- сыни және шығармашылық ойлауы дамиды;

- сұрақтарды қолдайтын орта қалыптасады;

- өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жақсарту сенімі нығаяды;

- күтілетін нәтижелері алдын ала анықталады.

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі. Бұл бағалаудың нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Ал, мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет алып, соған сүйене отырып, оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады.

Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. Сонымен бірге, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.



Сабақты өткізуге дейін сабақтың әрбір кезеңін қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдану арқылы мұқият жоспарлау және әріптестерімен талқылау мұғалімдердің қызметіндегі жақсы тәжірибе болып саналады. Сабақтан кейін сабақ жоспары бойынша қысқаша түсініктеме жазып, сабақты талдау, рефлексия жасау мұғалімнің жұмысын жетілдіре түседі. Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді, жаттығуларды, ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл басқа мұғалімдермен ақпарат алмасып, озық тәжірибелерімен бөлісуге жол ашады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кларин М.В. Технология постоновки целей: курсовая работа. Раздел «Педагогика».– Москва, 2005. – 25 б.

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық (төртінші басылым) Үшінші (базалық) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған. – Астана, 2015.

  3. Танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері. Блум таксономиясы бойынша презентациялар LOGO.– Астана, 2019. Электронды ресурс: http://www.myshared.ru/slide/1032016/

  4. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау. ҚР білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин ат. ҰБА. – Астана, 2015.

  5. Адамова Ж.Ш.,Сүлейменов М.Б.,Тлеубай С.Т., Мукушева М.А. Оқу мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану. – Қарағанды, 2018.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет