Білгенің жөн
"Қобыланды батыр"жырының
композициялық құрылысы
Эпикалық жырлардың бірі -"Қобыланды батыр" жырының композициялық құрылысы, сюжеттік элементтері бір-бірімен байланысты. Композиция құрылысы -мазмұн болса, сюжет- пішін болып табылады. Тақырып пен идеяның бірлігі тәрізді ."Композициялық тұтастық, бүтіндік жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік,"-дейді З.Қабдолев "Сөз өнері" еңбегінде берген анықтамасында. (185-бет)
Әдебиет теориясы бойынша бұған анықтама
Композиция дегеніміз латынша құрастыру, қиыстыру деген мағынаны береді. Көркем шығарманың құрылысы,яғни шығарманың оқиғасы, тілі, автор сөзі, кейіпкер пішіні, кескін-келбеті, мінез-құлқы, сөйлеген сөзі,жалпы алғанда, қажетті материалдардың бірлігі.Композиция кез келген шығармада болады.
Сюжет дегеніміз французша зат деген мағынаны береді. М.Горькийдің сөзімен айтқанда:" Сюжет дегеніміз—адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсуі, жасалу тарихы."
"Қобыланды батыр" жырында оқиғаның дамуы оған қатысушы адамдардың өзара байланыста, қарым-қатынаста, күрес, тартыстарда болатынын көреміз. Қимыл, іс-әрекет, талас-тартыс үстінде әркімнің мінезі, наным-сенімдері, күйініш-сүйініштері айқындалады және сол адамдардың қарым-қатынастарына жырды бізге жеткізуші,айтушының қалай қарайтын ойы, көзқарасы да сезіледі.Осылардың бәрін бір сөзбен шығарманың сюжеті деп атайды. Сюжеттің ұзын-қысқалығы шығарманың көлеміне байланысты және сюжетте кездесетін композициялық негізгі элементтер шығарманың ұзын-қысқалығына қарамастан бәрінде де бола береді.
Дамыту тапсырмалары. https://www.youtube.com/watch?v=_pOgd96qfpc
№1 тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар топта талқылап, жинақтаған ойлары мен жасаған болжамдары бойынша кестені толтырады.
Шығарма аты
|
Тақырыбы
|
Идеясы
|
Идеясын мақалмен түйіндейді
|
Тәрбиелік
мәні
|
|
|
|
|
|
№3 тапсырма. Топтық жұмыс. Ретімен жырдың мазмұнын баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: |