Сабақ мақсаттары Барлық оқушыларүшін



бет8/28
Дата22.12.2022
өлшемі270,85 Kb.
#58973
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
3 Сынып

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:
Пәндік лексика және терминология:
Мәтін, Сақтау,WordPad редакторы, құжат құру

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
- Компьютерде мәтінді теру үшін қандай бағдарламаларды қолдану жөнінде ойыңмен бөліс.
-Мәтіндік редакторлардың негізгі қызметін қалай сипаттауға болады?
-Мәтіндік редакторды пайдалану несімен тиімді?
Қолмен және мәтіндік редакторда мәтін жазудың артықшылығы немесе кемшіліктерін анықтаңдар? Неліктен?

Жазу:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Пернетақтамен жұмыс

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

қосымша ресурстар



Басталуы



Ой сергіту жаттығуы. «Ханталапай» ойыны
-ортаға түрлі түсті асықтар тасталады. «Ханталапай» дегенде асықтарды жинап алу қажет. Кім көп асық жинаса, жеңімпаз болады. Ойынды 2-3 рет қайталап ойнауға болады.
Үй тапсырмасы. «Сократтық шеңбер»
-оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрады. Сыртқы шеңбер ішкі шеңберге алдыңғы тақырып жөнінде сұрақтар қояды. Рөлдермен ауысады.
Оқу мақсатымен таныстыру.




Негізгі бөлім



Ой қозғау.
Оқушылар жұптасып, бір-біріне өздері оқитын мектептің ерекшеліктері жөнінде әңгімелейді.
Топтық жұмыс
Оқушылар топта өздерінің мектебі жөнінде шағын 3-5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады (кейбір топтар мен оқушыларға тірек сөздер немесе суреттер ұсынуға болады.)
Мұғалімнің түсіндірмесі.
-оқулықтағы жаңа ақпаратпен және 2-сурет және құрал саймандар мен мәтіндік редактор қызметін интер тақтада түсіндіреді.
Практикалық жұмыс.
-Оқушылар мектеп жайлы құрастырған мәтіндерін компьютерге енгізуі керек. Тапсырманы жеке орындайды. Оушылар жазған сөйлемдерін өткен тақырыппен байланыстырып сақтау керек.
Топтық тапсырма:
Мәтіндік редактормен жұмыс жасаудың ортақ ережесін құрастырады. Жариялап, өзара бағалау жүргізіледі.

Оқулық

Дербес компьютер


А 4 қағаздар







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет