Сабақ Мектеп: №68 «Жібек жолы»



бет129/195
Дата02.05.2022
өлшемі2,02 Mb.
#33046
түріСабақ
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   195
Байланысты:
130- бұйрық

Жетістік критерийлері

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Кілт сөздер мен тіркестер. Өзім туралы Дене мүшелері

қозғалу дағдылары секіру, лақтыру, жүгіру.



Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып.

Шапшаң жүгірудің дене шынықтыруда неліктен маңызды екенін айта аласыз ба?



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Бой сергіту жаттығулары.

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Оқушылардың санын түгелдеу

Оңға,солға,кері бұрылу жаттығуларды орындау



Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

-қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүр

-екі қол белде өкшемен жүру

-екі қол белде аяқтын ішкі және сыртқы қырымен жүру

-бір қалыпты жеңіл жүгіру

-тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру

-арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру

-алға қарай созылган қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру

-қол алақанына аяқтын ішкі,сыртқы қырын тигізе жүгіру

-өкшені артқа көтеріп,екі алақанға тигізе жүгіру

-екі қол тізеде,толық отырып журу

-отырып секіре жүру

-дем алу,дем шығару



Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы

8 минут

1 минут

5 минут


3 минут

16 минут



Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Тақырып бойынша жинақталған ресурстармен танысу.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.

Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.

Оқулық, дәптерлер.

Ойын ойнайық.


Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.




Смайликтер



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?




Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)




Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.





Күні:

Сынып: 2


сабақ 70

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет