Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.
Сабақтың тақырыбы
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
6.1.1.1.- мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілген мәселені болжау.
6.4.4.3.- үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Оқушылардың болжау дағдыларын дамыту;
- үстеудің мағаналық түрлерімен таныстыру;
- қарым-қатынас барысында үстеудің білдіретін мағынасын ұғындыру.
Мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;
Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады,синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.
Құндылықтар
Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.
Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады.
АҚТ қолдануы
Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.
Тыңдалым тапсырмасы. Аудионы 2 рет тыңдайды. Оқушылар мәтіннің бірінші бөлігін бір рет тыңдап, әрі қарай болжайды, қайта жалғастырып тыңдайды.
Тыңдалымның 1-бөлігі - Әжетай, сүйінші, сіз шөберелі болдыңыз! Мен әке атандым!
- Сүйінші беремін, құлыным! Бауы берік болсын!
Дүниеге келген ұл ма, қыз ба?
- Ұл әже ұл!
- Айналайын, үлкен жігіт болсын! Атын кім деп қоймақсыңдар?
- Атын Бауыржан деп қойсақ, қалай қарайсыз, әже!
- Баланың атын қою да үлкен жауапкершілік. Есімді де ойланып қою керек, балам. Балаға атты жақсы таңдаған екенсіңдер. Сәбидің оң құлағына «Сенің атың – Бауыржан» деп үш айғайлап айтыңдар. Қыз бала болса, мұндайда сол құлағына айғайлайды.
- Жарайды, әже, артынан өзіңіз батаңызды берерсіз. Енді шөбереңіз өскенше, өзіңіздің ақыл-кеңесіңізге жүгінеміз.
- Аман болсам, әрине бәрін өзім атқарам.
Тыңдалымның 2-бөлігі - Қырқынан шығарудан бастап, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу деген сияқты.
- Қырқынан шығаруды қырық күннен соң жасай ма?
- Иә, әдетте қырық күннен соң деп айтылады, бірақ оған жетпей де қырқынан шығара береді. Қазақтарда жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары киелі болып саналады ғой. Ыдысқа қырық бір қасық су құйып баланы шомылдырады. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады. Нәрестенің шашы, тырнағы алынып, оны киіміне орап сақтап қояды.
Тыңдалым тапсырмаларын орындайды. 1-ден 3-сұраққа дейін дұрыс жауап нұсқасының тұсына белгісін қойыңыз. Деңгейлік тапсырмалар ІІІ деңгей Неліктен сүйінші сұрап тұрғанын анықтаңыз. А. Немерелі болғандықтан
B. Шөберелі болғандықтан
С. Сәбилі болғандықтан
Ұл баланың қай құлағына айғайлап айту керек?
А. Оң құлағына
B. Сол құлағына
С. Екі құлағына
Қазақта қандай сандар киелі болып саналады?
А. Тоғыз, қырық, отыз тоғыз
B. Жеті, бес, он үш
С. Жеті, тоғыз, қырық бір