1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
2.Психологиялық ахуал. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. Аспан әлеміне қатысты сөздермен бір-біріне тілек айтқызу: Аспандай ашық бол, Күндей шуақты бол, т.б.
Ай, жұлдыз, күн, комета сөздерін айтқызу арқылы топқа бөлу.
«Тақырыпты болжау» Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін суреттер беріледі.
Ай суретінің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?
Айда қандай тіршілік бар деп ойлайсыңдар?
Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкін?
Қиялдан қандай шығармалар пайда болады?
Қандай фантастикалық шығармалар білесіңдер?
Қандай фантаст-жазушыларды білесіңдер?
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс Автор туралы мәліметпен жұмыс.
«Пікір алмасу» тәсілі Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмасады. Топ басшысы стикердегі сұрақты оқиды, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және талқылып, дұрыс жауаппен салыстырады.
Кері байланыс Автор туралы не білдік? Автор өмірбаянынан не білдік? Не үйрендік?
Топтарды бағалау. «Шапалақ» тәсілі Ең ұтымдыжауап пен сұраққа-төрт шапалақ, Ең қызықты жауап мен сұраққа – үш шапалақ, Ең дәлелді жауап пен сұраққа – екі шапалақ.
Топтық жұмыс. Бірлескен оқылым «ДЖИГСО» тәсілі 1-қадам. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, тақырып бойынша білімді өзектендіреді;
2-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
Оқу жылының басталуы. Мұғалім сауалы. Кейіпкер әңгімесі. Айға сапар.
Айға орналасу. Айдағы құбылыстар. Тіршіліксіздік.
Айдағы жасырынбақ
Әке әңгімесі. Қоршаған ортаны қорғау.
3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2-бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.