Негізгі сөздер мен тіркестер: заттардың қасиеті, электрондардың орналасуы, электрон бұлты
Алдыңғы оқу
Бейорганикалық химияның негізгі мәселелерені қайталау
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу
Сыныптың назарын сабаққа аудару, құрал жабдықтарын, үй тапсырмасын тексеру
Сандар таратпа қағаздар
АКТ
Ортасы
Электрондардың энергия қоры және ядро өрісіндегі олардың қозғалысының сипаты – атомдағы процестерді сипаттайтын, математикалық теңдеулерді шешкенде шығатын кванттық сандармен анықталады.
n бас квант саны
Электрондардың энергиясын сипаттайтын бүтін сан n бас квант саны деп аталады. Ол электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің нөміріне тең. Бірінші энергетикалық деңгейдің электрондарының энергиясы аз, олар ядроға күшті тартылады. Келесі деңгейлердің электрондары үлкендеу энергия қорларымен сипатталады, олар ядромен әлсіздеу байланысқан. Сыртқы деңгейдің электрондары ядроға тым әлсіздеу тартылатыны анық.
Атомдағы энергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең: І период атомдарында – бір энергетикалық деңгей, ІІ периодта – екі, ІІІ периодта – үш және т.с.с. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың максимал саны (V периодқа дейін) мынадай формуламен анықталады:
мұндағы N – электрон саны, ал n – деңгей нөмірі немесе бас квант саны. Паули принципі Осы теңдеуге сәйкес, 1-энергетикалық деңгейде екі электрон: 2-де – 8,3-де – 18, 4-де – 32 электрон бола алады.