Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


ІІІ Жаңа сабаққа дайындық



бет2/5
Дата02.03.2023
өлшемі33,61 Kb.
#71191
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚМЖ Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары

ІІІ Жаңа сабаққа дайындық
Мағынаны тану
Жаңа сабақты меңгеру. Ертегі –аңыз. 
Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан баласын атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгенен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз-көрмес құлақ –естімес жерге апарып, биік ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатады. Ел ішіндегі өсек-сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз, егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы түсіп шіруге айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді. Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса, “ән салып ” тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болып, басына шығам деп, ағашты құлатып алады. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағыгдағы ішек бостау, шығыс жағындағы ішек қаттылау тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыз байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлым-Мұңлық, тым зарлы шығатындықтан қызым-Зарлық деп ата-ана қойып, күндіз түні қасынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен. 
Домбыра құрылысы. 
Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап. 
Қазір өмірімізді радио-телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка, радио арқылы қабылданатын толқын түрі бар. 
Ол қалай аталады? (Дыбыс) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет