Ендеше , біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз
1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (Домбыра)
2. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікте тарайтын тербелістер ( Толқын)
3. Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме – дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы (Тербеліс)
4. Қандай да бір кедергіден шағылып, бастапқы таралған орнына қайта
оралған толқын (Жаңғырық)
5. Жер сілкіну ошағынан келген тербелістерді байқайтын құрал
(Сейсмограф)
Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.
Егер домбра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.
1. Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.
2. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.
3. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайды.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц –ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп. аталады.
Жиілігі 20000 Гц тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар
Жиілігі 16 Гц –тен төмен толқындар инфрадыбыстар деп аталады.
Жарықтың ауада таралу жылдамдығы 300000км/с
Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 330 м/с
Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.
Демонстрация: камертонмен таныстыру
Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар: дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр Оқушыларды топқа бөліп, дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр ұғымдарын түсіндіруді тапсыру
Дыбыс қатылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.
Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу әр түрлі жиіліктігі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы