Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет1/5
Дата02.03.2023
өлшемі33,61 Kb.
#71191
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚМЖ Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары


САБАҚ: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Мектеп: Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі:Алимжанова А.А.

СЫНЫП: 9 а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Білімділік мақсаты:  дыбыс толқындары ,дыбытың түрлері туралы түсінік беру, дыбыстың сипаттамаларын, музыкалық дыбыстарды қарапайым мысалдар арқылы түсіндіру. 
Дамытушылық мақсаты: пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу. Домбыраның құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық тәрбие беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Формулаларды қорыта алады және физикалық шамалардың өлшем бірліктеріне талдау жасай алады

Оқушылардың басым бөлігі: орташа деңгейлі есептерді шығара алады

Кейбір оқушылар: жеңіл есептерді шығара алады, формулалар мен өлшем бірліктерін сәйкестендіре алады

Тілдік мақсат

Оқушылар: физикалық түсініктерді пайдаланып тақырыптың контексін аша алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: механикалық толқын-музыкалық аспаптар-акустикалық резонанс-ультрадыбыс-дыбыс-эхолокация

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:еп шығару алгоритімін қатаң сақтау, физикалық өлшем бірліктердің ХБЖ болуын қатаң қадағалау

Талқылауға арналған тармақтар: Механикалық толқындардың қандай диапазоны дыбыстық деп аталады? Белгілі бір жиіліктегі дыбысты қандай құрылғы шығара алады?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Жазық далада жаңғырық шығуы мүмкін бе? Неге күндізге қарағанда дауыс түнде қаттырақ шығады? 

Жазылым бойынша ұсыныстар: Назар аудару*

  1. Теориялық білімді күнделікті тұрмыстағы мысалдармен байланыстыру.

  2. Формулаларды есеп нәтижелерін шығаруға дұрыс пайдалану

  3. Өлшеу дәлдігін дұрыс бағалау

Алдыңғы тақырып


Жоспар Жаңа сабақты игеру

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы



Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Физикалық диктант. 
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. 
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды. 
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын 
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. 
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама. 
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы. 
7.Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын. 

Оқулық, дәптер


Бағалау парағы

Ортасы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет