Сабақ нәтижелері: Студенттер дәрісті қысқаша конспектіледі. Сабақта қойылған сұрақтарға жауап берді, сабақ соңында тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар қойылып, әр студентке тест тапсырмалары таратылды



Дата15.01.2023
өлшемі26,89 Kb.
#61318
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ


Прзентация материалдарды қолдана отырып иллюстарция әдісімен дәрісті жүргізді. Тақта, компьютер, мультимедиялық тақта,
Ашық сабақ 13.10.2022 күні 08:00-08:50 минут болды. Дәріс 50минут болды. Дәрісте тақырыбы: «Экологиялық қауіп», дәрісте 3 сұрақ қарастырылды; 1. Экологиялық қауіп. 2. Ғаламдық экологиялық қауіптер.3. Жергілікті экологиялық проблемалар.
Дәрістің мақсаты: экологиялық қауіптің пайда болуы және оларға түсініктеме беру. Ғаламдық және жергілікті экологиялық проблемалардың пайда болуын түсіну, талдау.
Сабаққа Инженерлік-технологиялық факультетінің Сапаны қамтамасыз ету комиссиясының төрайымы Абдилова Ғ.Б., кафедра меңгерушісі Сабитова А.Н., аға оқытушылар – Л.С.Бакирова, А.К.Мурзалимова, Б.Б.Баяхметова және докторант, магистрлар қатысты.
Сабақтың барысы: Сабақ 08:00 минутта басталды. Студенттердің сабаққа даярлығына көз жеткізу мақсатында, жаңа тақырыпқа назар аудыру үшін Кабышева Ж.К. дәрістің тақырыбын айтып, өткен тақырыпты еске түсіріп сұрық қойды. Студенттер қысқаша өткен тақырып бойынша өз ойларын айтып өтті.
Сабақ нәтижелері: Студенттер дәрісті қысқаша конспектіледі. Сабақта қойылған сұрақтарға жауап берді, сабақ соңында тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар қойылып, әр студентке тест тапсырмалары таратылды.
Қорытындылар мен ұсыныстар: Сабақты қорытындылау алға қойылған мақсат жетті, қойылған сұрақтар толық ашылды, студенттерді қорыту және тәрбиелеу тәсілдері, бағалау критерилері ЖОО талаптарына сай орындалды.
Жаңа тақырыпты өткен сабақ тақырыбымен, басқа сабақтармен байланыстыра қарастырды. Талдау барысында оқу материалдарының меңгерілу дәрежесін, білім сапасының тереңдетілу жағдайы, студенттердің танымдық дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөлінді.
Ұсыныстардың орындалуын бақылау: білім беруді ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану.
1 Экологиялық қауіп - Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады.
Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі басты мәселе болып табылады. Экологиялық қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.
Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді.
Қоғам оның шаруашылығы амандық үшін және де тұрақтылық мақсаттарда конструкциялық қызметке тиеді (егер тіпті экологиялық аспкетіден аудару болса), мына элит басқарушы сирек либерал хабарланған аспектісінің жалпы сферасынан түсіп қалады. Шаруашылық ету криминалдық және антигуманды түрлер әлемде таң қалмайтын әлеуметтік проблеманың шешімдері табылмайды емес, олар өткірленеді, сондықтан тұрақты дамудың әлеуметтік шарттары өте қолайсыз. Қазіргі әлемде бәсеке өте көп, ал келісумен ынтымақтастық өте аз. Өнегелі принциптерге қандай болмасын бірлесіп әрекет қылған мемлекет ерімейді, оларды негізінде саясатшылар түсінігі бойынша шектелмеген ұлттық мүддеге жатқызады. Барлық мемлекеттердің өзіне меншікті назарлары жалпы зиянға түседі және оны нақты өзінің бар күшімен қорғайды. Ердің құны болса да тұрақты дамудың ұлттық стратегияларының жалпы мақсаттары барлық қозғалыс бағдарламасына ұқсас емес. Дүниежүзілік реттің құрылуы барлық келісілген тұрақты дамуға жатпайды, ал Ұлттық стратегиялық өлшемдерімен әлеуметтік дағдарыстың дамуы сәтті болса экологиялық апатты бәсеңдетеді. Келешекте тұрақты даму бағдарламасының үлгісін іске асыру керек. Бұл приоритет өлшемін қамтамасыз етумен, экономика субъектісімен тұрақты дамудың өлшеміне пайдалы. Саясатшылар белгілі мақсатқа бағытталған және ойластырылған инвестициялық тұрақты дамуды талап етеді.
Дәлірек айтсақ, кең мәнде қауіпсіздік дегеніміз-бұл адамның деңсаулығына, амандығына көңіл бөлуі мен өмірге қабілеттілігінің негізгі құқығы, өмірін қамсыздандыру мақсатында қайнарларды, қорларды әлеуметтік ретке келтіруде қауіп-қатерге қарсы тұру. Қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатері үшке бөлінеді:
-әскери қауіп-қатер, бұған жататындар: глобальды ядролық соғыс, көпшілікті қарумен құрту, халықаралық қару-жарақ тасымалдары, ірі соғыстар мен локальды даулар:
-экономикалық және әлеуметтік қауіп-қатер-халықтың аштық тудырушы қайыршылық күйі, шамадан тыс өсу шегі және урбанизация, бүкіл халықаралық миграция және т.б.;
-экологиялық қауіп-қатер-атмосфераның құрамын өзгертулері мен олардың зардаптары, тұщы табиғи сулардың, мұхиттардың және жағалаудағы айдыңдардың ластануы, орманның жойылуы және шөлдендіру, топырақ эрозиясы мен жерлердің құнарлылығын жоғалтуы және т.б.
Ластайтын заттардың әлемдік көлемде көрінуі. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттарды және микроорганизмедрді ластағыштар деп атайды.
Ластағыш заттардың қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр-түрлі өндіріс қалдықтарының мөлшеріне байланысты. Ластағыш заттардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметр олардың атмосферада болатын уақыты. Осыған байланысты ластаушы заттар 3 түрге бөлінеді:
әлемдік көлемде ластайтындар-қоршаған ортада әлемдік аймақта тарайтын, атмосферада ұзақ уақыт (бірнеше жыл немесе ай) сақталатын ластаушы заттар (СО2, фреон жартылай ыдырау мерзімі 1 айдан жоғары радионуклидтер).
аймақтық (региондық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің көптеген әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) үлкен аймақты ластайтын, бірақ оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқаннан кейін төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, бірнеше тәулік бойы атмосферада сақталатын ластағыш заттар (SO2, No2, пестицидтер, ауыр M)
жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) атмосферада аз уақыт сақталатын ластағыш заттар (ірі дисперсиялық аэрозольдар, H2S, SO2, No2 т.б.).
Қортындылай келгенде экологиялық қауіптің кесірінен көптеген адамдар, не болмаса тірі организмдер ауруларға шалдығып, тіпті жойылып кету қауіпіне дейін барады. Сол себепті қолда бар алтынды қадірлеп, оны қастрелеп, бағалау керекпіз.
Видео ролик: ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
2. Ғаламдық экологиялық қауіптер.
Әр ел өзінің жеке жолында дамиды, бірақ саны бар Бүкіл әлемдік қауымдастыққа тән экологиялық проблемалар. Ғаламдық проблемалар дегеніміз – барлық адамзатқа қатысты шешуді қажет ететін мәселелер.
Ол - барлық елдер арасындағы өзара байланыс, табиғат пен адамзат арасындағы байланыс, табиғатты үнемді пайдалану жолдары.
Ғаламдық экологиялық мәселелер:
1. Климаттын өзгеруі;
2. Озон қабатының бұзылуы;
3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін);
4. Жердің шөлейттенуі және тозуы.
Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – ха­лық­аралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағыт­талған тұңғыш құжат.
Киото хаттамасының негізгі мақсаты парниктік газдар шығарындыларын ратификациялаған барлық елдер үшін азайту болып табылады. Бұл мақсаттар түбегейлі елдің экономикалық жағдайына байланысты. 
Хаттаманы ратификациялаған елдерде шығарындыларды азайту ғана емес, қойылған мақсаттарға жетудің бірнеше әдісі бар. Мысалға, олар парниктік газдарды кетіретін «раковиналардың» санын көбейте алады. Ормандардың аумағын ұлғайту арқылы көмірқышқыл газын атмосферадан көбірек шығаруға болады. Хаттама елдерге икемділік береді, бұл раковиналардың ұлғаюы ұлттық аумақта немесе басқа елдерде жүргізілуі мүмкін, өйткені ғаламдық шығарындылар ескеріледі.
Қорта келе Ратификация - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құзыретті өкілдерінің өзара келісімімен қабылданған халықаралық келісімдер мен шарттарды бекітуі айтамыз.
3 Жергілікті экологиялық проблемалар
Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Жергілікті экологиялық мәселелер:
1. Әуебассейнінің ласта­нуы;
2. Радиоактивті ластану;
3. Бактериологиялық және химиялық ластану;
4. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар;
5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
1 Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.
2 радиоактивтi ластану - жерлердiң радионуклидтермен, оның iшiнде пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеудiң, ядролық жаратылыстардың, ядролық қондырғылардың жұмыс iстеуiнiң, иондаушы сәулелену көздерiн, радиоактивтi заттарды көму және сақтау пункттерiн пайдаланудың, ядролық радиациялық авариялардың, сондай-ақ радиоактивтi заттармен байланысты өзге де әрекеттердiң нәтижесiнде ластануы;
Радиоактивті ластанудың негізгі себептерінің бірі - атом электр станциясындағы апаттар. Ластанудың кейбір көздері уран кеніштері, медициналық қызмет және радон өндірісі болып табылады.
химиялық ластану - топырақтың химиялық құрамының адамдардың өндiрiстiк, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық немесе өзге де әрекеттерiнiң салдарынан оның құнарлылығы мен сапасы төмендеуiнен өзгеруi;
биологиялық ластану - жерлердiң бактериологиялық, гельминтологиялық, энтомологиялық және арамшөптер өсушiлiк карантиндiк ластануы; 
шаруашылық-тұрмыстық ластану - жерлердiң топырақтың физикалық не химиялық қасиеттерi қолайсыз өзгеретiн өндiрiстiк қалдықтармен және сарқынды сулармен ластануы;
Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң басым салаларының бiрi болып табылады.
табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағ
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;
Қорта келе Қазақстан аумағында ғаламдык экологиялык проблемалардың болуына өзінше «үлес қосатын», коршаған ортаға зиян тигізетін жергілікті экологиялык мәселелерден түратын ұлттық экологиялык дағдарыс туындайды. Нәтижесінде халыктың негізгі бөлігі жоғары экологиялык кауіп жағдайында өмір сүреді.

Жаңа сабақты бекіту (5 мин)


Тест таратылды.
Каспий теңізіне солтүстігінен құятын өзен?
А.Жайық өзені
B.Ертіс өзені
D.Сырдария өзені
C.Алакөл
E.Амудария өзені
Климаттың өзгеруі, озон қабаттарының бұзылуы, шөлейттену, жердің тозуы,топырақтың құнарсыздануы қандай экологиялық проблемаға жатады?
А. Жаһандық экологиялық қауіптер.
B. Экологиялық қауіп.
D. Жергілікті экологиялық проблемалар
C. Аймақтық экологиялық проблемалар
E. Экологиялық қауіпсіздік
3.Қазақстандағы ірі ядролық полигон қай қалада орналасқан?
А.Семей қаласында
B.Өскемен қаласында
D.Курчатов қаласында
C. Павлодар қаласында
E.Астана қаласында
4. Экологиялық апатты аймақтар, тарихи ластану, трансшекаралық мәселелер, әскери-ғарыштық және тәжірибелік кешендердің полигондарының әсері қандай экологиялық проблемаға жатады ?
А.Ұлттық экологиялық проблема
B. Мемлекет аралық экологиялық проблема
D. Жаһандық экологиялық проблема
C. Жергілікті экологиялық проблема
E. Қазақстандық экологиялық проблема
5. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бір түрі?
А.Мелиорациялау
B.Жерді тындыру
D.Жерді құнарландыру
C.Жерді шамадан тыс суару
E.Ланшафты жақсарту жоспарын құру
6. Ауа бассейнінің ластануы, радиоактивті тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды қандай экологиялық проблемаға жатады?
А.Жергілікті экологиялық проблема
B.Аймақтық экологияық проблема
D. Жаһандық экологиялық проблема
C. Жергілікті емес экологиялық проблема
E. Қазақстандық экологиялық проблема
7.Топырақтың құнарсыздануы не деп аталады ?
А.Деградация
B.Мелиорация
D.Эрозияға ұшырау
C.Гумустануы
E.Жердің шөлейттенуі
8 Бұл проблеманың тууына себепші болған-адам әрекеті. Бұл қандай теңіз?
А.Арал теңізі
B.Каспий теңізі
D. Балтық теңізі
С.Ирланд теңізі
E. Қара теңіз
9. Каспий теңізіне солтүстік шығысынан құятын өзен?
А.Жем өзені
B.Ертіс өзені
D.Сырдария өзені
C.Алакөл
E.Амудария өзені
10.Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл?
А.каспий теңізі
B. Арал теңізі
D. Балтық теңізі
С.Ирланд теңізі
E. Қара теңіз

Дәрісте жоспар бойынша жалпы гидрологиялық қауіптер туралы баяндалып, су тасқынының пайда болу себептері, мұздық құбылыстардан туындайтын су тасқыны туралы сипатталды. Гидрологиялық қауіптердің ерекше санатын құрайтын сел тасқындарының қауіптілігі, мореналық көлдер туралы қарастырылып, аталған сұрақ бойынша бейнебаян көрсетілді.


Төтенше жағдайларды алдын алу және болжау мақсатында қолданылатын VENTUSKY, SAS.ПЛАНЕТА қосымшалары туралы студенттерге ақпарат берілді.
Дәрісте өткен тақырыпты бекіту және кері байланыс жасау мақсатында студенттер Google – формасында онлайн тест тапсырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет