Наполеон империясының құрылуы мен құлдырау себептері. 2-сабақ Ұлыбританияны әлсірету мақсатында Наполеон құрлықтық блокада орнатылғанын жариялады (Берлин декреті, 1806 жылы 21 қараша). Тильзит бейбітшілік бітімінен кейін (1807 жылы) Пруссия мен Ресей құрлықтық блокадаға қосылды, ал Шенбрунн бейбітшілік бітімінен кейін (1809 ж.) Австрия қосылды. Ұлыбритания құрлықтық блокадаға қарсы блокадамен, контрабандалық сауданы орналастырумен жауап берді. Құрлықтық блокада француз өнеркәсібінің бірқатар саласын жандандырды, бірақ ол Еуропа елдерінің экономикасына кері әсер етті.
Александр I (1801 – 1825 жж.),императоры Фридрих III Вильгельм (1797 – 1840 жж.), Прусс королі
Наполеон испан халқының корольге қарсы көтерілісін (1808 жылы 2 наурыз) пайдаланып, өзінің ағасы Жозефті Испания королі деп жариялады. Көтерілісті аяусыз басу және Наполеонның ағасы Жозефті Испания королі деп жариялау бүкіл Испаниядағы толқуларға түрткі болды. 1812 жылы 24 маусымда Ресейдің француз жаулап алушыларына қарсы Отан соғысы басталды. 1812 жылы 7 қыркүйекте Бородино шайқасы басталды, ол XIX ғасырдың ең қанды шайқасы ретінде тарихқа енді. Бородино шайқасында генерал П.И. Багратион басқарған әскерлер сол қапталдағы жау шабуылдарын талқандады. Сегізінші шабуыл кезінде Багратион қатты жарақат алды. Мәскеу маңында М. Кутузов шайқас өткізуді жоспарлады, бірақ резервтердің дайын еместігі оны қиын шешім қабылдауға, яғни Мәскеуді француздарға қалдыруға мәжбүр етті. 1812 жылы 14 қыркүйекте Наполеон әскері Мәскеуге кіріп, оны өртеп жіберді.