Сабақ нөмірі №3-сабақ Тарау немесе бөлім атауы: Француз буржуазиялық революциясының көрінісі


«Наполеон Бородино биігінде», В. Верещагин, 1897 ж



бет3/3
Дата12.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#56772
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
3 сабақ, Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды

«Наполеон Бородино биігінде», В. Верещагин, 1897 ж.
Ресеймен соғыс Наполеон империясын құрдымға бастады. Лейпциг түбіндегі шайқаста француздар жеңіліске ұшырады. Одақтас күштер Парижге кіргеннен кейін Наполеон 1814 жылы 11 сәуірде биліктен бас тартуға мәжбүр болды. Ол Эльба аралына жіберілді. Францияда Бурбондар билігі орнады, Людовик XVIII патша болып жарияланды. Франция конституциялық монархияға айналды. Алайда Наполеон 1815 жылы көктемде Эльба аралынан қашып, Парижге оралды да, билікке қайта келді. Оның қантөгіссіз таққа отыруы «100 күнге» созылды. 1815 жылы 18 маусымда француздар одақтастар әскерінен Ватерлоо шайқасында жеңіліске ұшырады.
Бонапарт 1815 жылы 22 маусымда тағы да тақтан түсіп, ақыры Әулие Елена аралына жер аударылды.

«Шайқастан кейінгі жеңіс декларациясы Лейпциг кезінде, 1813 жыл», И.П. Крафт, 1839 ж.
Еуропалық мемлекеттер коалициясының жеңісінен кейін Вена конгресі ұйымдастырылды (1814 – 1815 жж.), онда жетекші рөл Ресей, Пруссия, Австрия және Ұлыбританияға тиесілі болды. 1815 жылғы 9 маусымдағы жалпы акт бойынша Франция өзінің жаулап алған жерлерінен айырылды. Италия мен Германияның аумақтық бытыраңқылығы сақталды. Швейцарияның тәуелсіздігі қалпына келтіріліп, «мәңгілік егемендігі» жарияланды. 1815 жылы 14 қыркүйекте Александр I-дің бастамасымен халықаралық тәртіпті сақтау мақсатында Қасиетті одақ құрылды. Маңызды оқиғалар хронологиясы

1808 жылы 2 мамыр

Мадридтегі халық көтерілісі

1809 жылы 5-6 шілде

Ваграм шайқасы

1812 жылы 14-17 қараша

Березиндегі шайқас

1813 жылы 17 наурыз

Фридрих III Вильгельм «Менің халқыма» үндеуін жариялады

1814 жылы 10-14 ақпан

Наполеонның алты күндік соғысы

1814 жылы 18-19 наурыз

Одақтас күштердің Парижді басып алуы

1815 жылы 18 маусым

Ватерлоо шайқасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет