Сабақ. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі, қызметі. Геннің молекулалық биологиясы. Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар


) Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата18.11.2022
өлшемі1,34 Mb.
#51168
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ақпараттық блок

 
4) Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы 
Адам ағзасының тіршілігі мен оның денсаулығының қалыпты немесе патологиялық 
жағдайлары ДНҚ-ның құрылысы мен қызмет атқаруына байланысты. 
Геномдағы құрылымдық гендердің және ДНҚ-ның басқа да реттеуші жүйелерінің жұмысын, 
механизмдерін егжей-тегжейлі білу, олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттеудің үлкен 
мәні бар. Өйткені мұндай зерттеулер адам ағзасының қалыпты тіршілік процестерін қамтамасыз 
ететін метаболизмдік әрекеттерді анықтауға, адамның түрлі ауруларының патогенезін ашуға, 
оларды диагностикалау, емдеу және алдын-алуға зор мүмкіндік береді.
Геномдық зерттеулердің қолданылуы: 
1. Соттық медициналық және қылмыстық экспертизада (сараптауда) мына мақсаттарда: 
а) ДНҚ-ны талдау арқылы қылмыскерлерді, күдіктілерді, қылмыстың және апаттың 
құрбандарын идентификациялау; 
ә)биологиялық туыстықты (әкелікті) анықтау, дәлеледеу. 
2. Табиғатты қорғау шараларында: 
а) Табиғатта сирек кездесетін және жойылу сатысындағы ағза түрлерін идентификациялау 
және сақтау; 
ә) қоршаған ортаны ластайтын, бактеряларды және басқа микро ағзаларды табу; 
3. Трансплантологияда генотиптері бойынша бір-біріне сәйкес келетін донорлармен 
реципиенттерді таңдап алу. 
4. Тамақ өнеркәсібінде тағамдық өнімдердің жасанды емес, табиғи түрі екендігін анықтау, 
мысалы, шарап, балық уылдырығының өнімдерін даярлауда т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет