9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек.
10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.
11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.
12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету.
13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.
14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы.
15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.
16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу.
Шығармашылық қызметтің құрылымы:
1. Бұрын меңгерілген білімін және біліктілігін жаңа жағдайға дербес көшіру.
2. Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.
3. Объектінің жаңа қызметін көре білу
4. Объектінің құрылымын анықтау.
5. Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.
6. Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану.
XIX ғасырда француз психологы Теодюль Рибо былай жазған: "Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді". Яғни автордың пайымдауынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.
XIX ғасырда француз психологы Теодюль Рибо былай жазған: "Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді". Яғни автордың пайымдауынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.
Тапсырмаларға қойылатын талаптар:
- тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық сұрақтарға, оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс;
- тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;
- тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек.
Қорытынды:
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады.