Сабақ Өндірістік процестерді автоматты басқару жүйесінің типтік құрылысы және әдістері


Практикалық сабақ 2. Өндірістік процестерді автоматты басқару жүйесінің типтік құрылысы және әдістері



бет2/9
Дата28.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#77005
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Практикалық сабақ 2. Өндірістік процестерді автоматты басқару жүйесінің типтік құрылысы және әдістері.

МАЖ ақпаратты алу, өңдеу жəне пайдалану үшін арналған автоматтандыру құралдары мен аспаптарының жиынтығынан тұралы. МАЖ кіріс жəне шығыс сигналдарының бірыңғай параметрлері, қалыптандырылған габаритті жəне жалғаушы өлшемдері бар бірқатар бірегей блоктар мен құрылғылардан тұрады.


Сигналдардың қосымша энергия тегіне байланысты, сондай-ақ сигнал түрі қарай автоматтандыру құралдары мен аспаптары 5 топқа бөлінеді: электрлі аналогты, электрлік дискретті, пневматикалық, гидравликалық жəне қосымша энергия көзі жоқ аспаптар.
Мəліметтердің энергетикалық сигналдары болып үздіксіз электрлі сигналдары қызмет атқаратын жүйені электрлі аналогты жүйе деп атайды. Ол келген мəліметтерді алатын (түрлендіргіштер), сақтайтын жəне өңдейтін құралдар мен аспаптардан тұрады.
Мəліметтердің энергетикалық тасымалдаушысы болып тұрақты токты электрлі дискретті сигналдар қызмет атқаратын жүйені электрлік дискретті жүйе деп атайды. Ол түрлі автоматтандыру құралдары мен аспаптарынан тұрады: түрлендіргіштер, орталықтан бақылау блоктары мен құрылғылары, мəліметтерді беру құрылғылары, сандық есептеуіш құрылғылары.

2 –сурет. Сериясы ТРМ 200, ОВЕН байланыс каналдары бойынша мəліметтерді қабылдау,
өзгерту жəне беру құралдары




1-сурет. Сериясы PR – 25Y
алғашқы түрлендіргіш

Энергетикалық мəліметтер тасымалдаушысы ретінде пневматикалық сигналдар қызмет атқаратын жүйені пневматикалық тармақ деп атайды. Энергетикалық ақпарат тасымалдаушы қызметін гидравликалық сигнал атқарса, онда бұндай жүйе гидравликалық жүйе деп аталады.


Қосымша энергия көздерінсіз аспаптар тармағы деп ортаның энергиясын өзіне қолдану арқылы сол ортаның параметрлерін өлшеу мен реттеуді орындайтын жүйені айтады.
Мəліметтерді беру сигналдарының түрлендіргіштері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет