5. Сәйкестікті міндетті растау кезінде өтінім беруші өтініммен бірге қандай құжаттарды ұсынады?
Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау арқылы жүзеге асырылатын рәсім;
Өтініш беруші өтінімді СРО беру кезінде құрамы мен мазмұны техникалық регламенттерде және осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген үлгіге (үлгілерге) бойынша барлық қажетті техникалық құжаттаманы ұсынады.
Өнімге сертификаттау жүргізу үшін өтініш беруші СРО құжаттар жиынтығымен сертификаттауға өтініш жібереді.
1) сериялық өндірістің өнімдері үшін:
- техникалық құжаттаманың және (немесе) жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану құжаттамаларының көшірмесі;
- оларға сәйкес өнім өндірілетін стандарттау саласындағы стандарттар немесе өзге де нормативтік құжаттар тізімі;
- соған сәйкес өнім жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (ұйымның стандарты, техникалық шарттар немесе басқа құжат) (болған жағдайда);
- сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатының көшірмесі, егер оның қызметі өнімдерді өндіруге жасауға қолданылатын болса (бар болса немесе растау схема бойынша талап етілсе);
- Сапа менеджменті жүйесі аудиті туралы есептің көшірмесі және сертификаттау кезінде расталған талаптарға сәйкес келетін өнімдердің тұрақты шығарылымын қамтамасыз етудің енгізілген сапа менеджменті жүйесінің қабілетін растайтын ақпарат (егер растау схемамен талап етілсе);
- сыни компоненттердің, материалдардың, құрамдас бұйымдардың немесе бұйымның құрамдас бөліктерін (болған жағдайда) сәйкестік сертификаттарының көшірмелері;
Қазақстан Республикасына жеткізілетін өнімдердің техникалық регламенттердің немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді көздейтін шетелдік өндірушімен жасалған шарттың көшірмесі және осындай өнімнің көрсетілген талаптарға сай келмегені үшін жауаптылық (сериялық шығарылатын өнімдер үшін);
Өнімнің жанама түрде растайтын өтініш берушінің таңдауы бойынша басқа да құжаттар;
2) өнiмнiң партиясы үшiн (бiр бұйымның):
- техникалық құжаттаманың және (немесе) жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдаланудың көшірмесі;
- соған сәйкес өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (ұйымның стандарты, техникалық шарттар немесе басқа құжат) (болған жағдайда);
- бір бұйымның немесе өнім партиясының, оның ішінде оның мөлшерін сәйкестендіруші шарттың көшірмесі және тауарлардың ілеспе құжаттары;
- дайындаушы жүргізген сынақ хаттамаларының көшірмелері (болған жағдайда);
- сертификаттау жөніндегі шетел СРО берген сәйкестік сертификаттарының көшірмесі;
- өнімнің сәйкестігін жанама растайтын өтініш берушінің таңдауы бойынша өзге құжаттар;
Өтініш беруші СРО-ға олардың өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде жүргізілген әрекеттерінің мерзімдерін ескере отырып, сынақтардың хаттамаларын немесе техникалық реттеу саласында аккредиттелген зертханалар орындаған сынақтар туралы құжаттарды ұсына алады.
Өтініш беруші, егер бұл белгілі бір өнімдер түрлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе, СРО-ға өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынады.
СРО өтiнiмдi қарап, мыналарға көз жеткізу үшін ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді:
- тапсырыс беруші мен өнім туралы ақпарат сертификаттау жүргізу үшін жеткілікті;
- СРО мен өтініш берушінің арасындағы түсініспеушілік шешімін табады соның ішінде стандарттар немесе басқа да нормативтік құжаттар бойынша келісім қолжетімді;
- сертификаттаудың талап етліген саласы айқындалған;
- серитфикаттау бойынша барлық іс-қимылдарды орындау үшін ресурстар жеткілікті.
СРО сертификаттау жүргізу үшін құзыретке және мүмкіндікке ие және оны алған күннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге өзінің жазбаша түрде негізделген шешімі туралы хабарлайды.
Құжаттарды талдаудың нәтижелері оң болған жағдайда, СРО өтініш берушіге өтінім бойынша қабылданған шешім туралы хабарлайды және сертификаттау жұмыстарына арналған шарт жобасын жібереді.
Сертификаттау жөніндегі СРО, егер ол құзыретті болмаса немесе сертификаттау бойынша қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, онда сертификаттау жүргізуден бас тартуы тиіс.
Өтінім бойынша шешімде СРО өтініш берушіні соңғы бекітілген сызба туралы хабардар етеді, ол бойынша осы объектіні, қажетті техникалық құжаттардың тізбесін, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесін, зертханалардың атауын, сондай-ақ инспекциялық бақылау шарттарын сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарына сертификаттау жүргізілетін болды.
Егер өтініш беруші СРО ұсынған сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады.
Өтінімге мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі құжаттар қоса беріледі.
Егер өтінім беруші өтініммен бірге ұсынған ақпарат өнімнің сәйкестігін растау үшін жеткіліксіз болса, СРО өтінім берушіге осы өнім үшін сәйкес келетін басқа растау схема бойынша сертификаттауды ұсынады.
Техникалық регламенттерге және стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкестігін сертификаттау кезінде нормативтік құжаттарды таңдау өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) мен сынақ әдістерін, өнімінің осы талаптарға сәйкестігін және оның осы Қағидалардың 7 және 102-тармақтарына сәйкес бірдейлендіруді толық және дұрыс растауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өнім мен бақылау үлгілерін іріктеу қағидаларын белгілеуге тиіс.
6. Өнім міндетті сертификаттауға жататынын қалай анықтауға болады?
Егер өнім Кедендік одақ, Еуразиялық экономикалық одақ немесе Қазақстан Рсепубликасының техникалық регаламенттері әсеріне жататын болса, сондай-ақ сонымен қатар егер ол сәйкестік міндетті расталуға (сертификаттауға) жататын Қазақстан Республикасы және / немесе Кеден одағы өнімдерінің тізіміне енсе, сәйкестікті міндетті бағалауға (сертификаттау) жатады.
Сіздің өніміңіз техникалық регламентке жататынын анықтау үшін өнімнің нақты түріне (тамақ өнімі, жеңіл өнеркәсіп өнімі, АИА және т.б.) техникалық регламентпен, сондай-ақ өнім тізімі көрсетілген қосымшамен танысу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |