Сабақ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу технологиясы


Қандай жағдайларда жоспардан тыс инспекциялық бақылау жүргізіледі?



бет3/4
Дата08.12.2022
өлшемі24,66 Kb.
#56003
түріСабақ
1   2   3   4
8. Қандай жағдайларда жоспардан тыс инспекциялық бақылау жүргізіледі?

Инспекциялық бақылауды Сертификатты берген СРО жүзеге асырады.


Инспекциялық бақылау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:


1) сертификатталған өнім туралы түсетін ақпаратты талдау;
2) тұрақты сапалы өнімді шығару үшін қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру;
3) өнім сынағын жүргізу және олардың нәтижелерін талдау;
4) бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау.

Нақты өнімнің сапа менеджменті жүйесіне сертификат және оларға инспекциялық бақылаудың оң нәтижелері болғанда, тұрақты сапалы өнімді шығаруға арналған жағдайларды талдау жүргізілмейді.


Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау (егер ол сертификаттау схемасында көзделсе) жылына бір реттен кем емес, Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде, өнім үлгілерін сынауды және/немесе өндіріс жағдайларын тексеруді қамтитын, мерзімді және жоспардан тыс тексеру нысанында жүргізіледі.


Инспекциялық бақылау өткізілетін сертификатталған өнім техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін жалғастыруда екенін куәландыру мақсатында жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезеңділігін сертификатты берген СРО белгілейді. Сонымен бірге жоспардан тыс тексерістер тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ Сертификат берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан өнімнің сапасына шағым туралы ақпарат түскен жағдайларда жүргізіледі.


Инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін айқындауға арналған өлшемшарттар критерийлер өнімнің әлеуеттік қауіптілігі дәрежесі, өндіріс сипаты (сериялық, массалық, дара қайталанатын), өндірістің тұрақтылығы, шығару көлемі, сапа менеджменті жүйесі сертификатының болуы, сол өндіруші өндірген ұқсас өнімдер, сондай-ақ сертификатты беру алдындағы жұмыстың нәтижелері ақпаратты қоса алғанда дайындаушы, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы жүргізген сынақ және өнімді және оның өндірісін тексеру нәтижелері туралы ақпарат болып табылады.


Инспекциялық бақылау жүргізу көлемі мен тәртібін СРО белгілейді.


Инспекциялық бақылаудың нәтижелері үлгілердің сынақтары мен басқа да тексерістері нәтижелерінің бағасы берілетін, сертификатталған өнім өндірісінің жай-күйі мен берілген Сертификаттың қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалатын еркін нысандағы актімен ресімделеді.


Инспекциялық бақылау актісі СРО-да кемінде 3 (үш) жыл сақталады. Актінің көшірмелері өтінім берушіге (дайындаушыға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет