Сабақ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу технологиясы


Сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру немесе жою қандай жағдайларда жүргізіледі?



бет4/4
Дата08.12.2022
өлшемі24,66 Kb.
#56003
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
10-тәж сабақ

9. Сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру немесе жою қандай жағдайларда жүргізіледі?

Ең болмаса көрсеткіштердің (сипаттамалардың) біреуі бойынша сынақтардың теріс нәтижелері кезінде объектіні сертификаттау мақсатындағы сынақтар тоқтатылады, СРО сынақтарды жүргізуді жалғастыруды өтінім берушінің келісімі бойынша жүргізеді.


Өнімнің сәйкестігін бағалаудан теріс нәтижелер алынған жағдайда СРО бас тарту себептерін көрсете отырып, сертификат беруден бас тарту туралы шешімді береді.


Сертификат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, СРО бастарту себептерін көрсете отырып сертификат беруден бас тарту туралы шешімін өтініш берушіге және уәкілетті органға, тапсырғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошталық жөнелтіліммен жебереді немесе оны тікелей тапсырады.


Құжаттарды, оның ішінде: олардағы нәтижелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімдерін, құрастырмаға (құрамына), материалдарға, технологияға енгізілген өзгерістерді тексергеннен кейін, сарапшының қорытындысының негізінде СРО сертификат беру туралы немесе сынақтардың көлемін қысқарту немесе жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдай алады, ол туралы тиісті құжаттарда көрсетіледі.


Ұсынылған құжаттарда бұзушылық анықталған жағдайда, өтініш беруші бұл бұзушылықтарды жойып, тек қана бұзушылықтар бойынша ғана СРО-ға қайта қарауға ұсынуы мүмкін.


СРО сынақ хаттамаларын, өндірісті бағалауды және өнімнің сәйкестігі туралы басқа да құжаттарды талдағаннан кейін, өнімнің техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүзеге асырады. Осы бағалаудың нәтижелері сарапшының қорытындысында көрсетіледі. Осы қорытындының негізінде СРО сәйкестік Сертификатың беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды.


СРО сертификатты беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, белгіленген үлгідегі сертификатты ресімдейді және сертификатты берілген сертификаттардың тізіліміне тіркейді.


Сертификат тіркелгеннен күнінен бастап және тек тіркеу нөмірі бар болғанда ғана жарамды.


Сертификат мынадай мәліметтерді қамтиды:


1) өнімнің белгіленген стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;


2) өтінім берушіге сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру туралы мәліметтер;
3) өтінім берушіде сертификатпен расталған қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің бар екені туралы мәліметтер (егер бұл растау схемасында көзделген болса);
4) Сертификатты беру үшін негіз болатын растау схемасына сәйкес құжаттар туралы мәліметтер;
5) қолданылатын растау схемасы.

Сертификаттың қосымшасы, егер құрамын нақтылау талап етілсе, оған сертификаттың әрекеті қолданылатын, нақты өнімнің тізбесін қамтиды:


1) бір дайындаушы жасап шығаратын және белгілі бір талаптар бойынша сертификатталған біртекті өнім тобы;
2) сертификатта көрсетілген бұйымға (кешенге, жиынтыққа) техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қолданылатын құрама бөлшектердің және (немесе) қосалқы бөлшектердің белгіленген жинағының бұйымы (кешені, жиынтығы).


Сертификаттың қолданылу мерзімін СРО сертификаттаудың таңдап алынған растау схемасын, өнімнің ерекшелігін, оның өндірісін, нормативтік құжаттардың қолданылу мерзімін, нақты өнімге арналған нормативтік құжаттардың талаптарын, сондай-ақ менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл растау схемасында көзделген болса), бірақ 3 (үш) жылдан немесе өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімді ескере отырып, СРО белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет