1.1.1.3 – отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
қамқорлық тұрғысындағы өз қажеттіліктерінің құрылымын анықтау.
Көптеген оқушылар:
отбасы мүшелеріне қамқорлық қарым-қатынас жасай алады;
отбасы мүшелеріне қамқорлықты қалай жасауға болатынын түсінетін болады.
Кейбір оқушылар:
отбасы мүшелерінің барлығы қамқорлыққа зәру екендігін түсіне алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
ФТ.ҚБ. Мұғалім балалармен сәлемдесіп, өлең оқиды:
«Шаруам көп, шамам жоқ», – Демейді анам ешқашан.
Бізді бағып-қағады, Қайдан мұрша табады?! Мақтайды әкем:
– Батырым, енді өзіме серік! – деп Өсіп келе жатырмын
Өз әкеме еліктеп. Әкем мені жасымнан Тастамайды қасынан. Менің кәрі атам бар,
Жұрттың бәрі сыйлайды. Мінезі сәл қаталдау, Сонда да елге ұнайды.
Әжем менің – асыл жан, Жақсылыққа үйретіп.
Жамандықты шектейді Әжеме ешкім жетпейді.
Сәлемдесіп, өлең тыңдайды.
Өлең
Өзіңдей жақсы көретін, Аямай бәрін беретін.
Жан ағаң – сенің қамқоршың, Үлгісін өзің теретін.
Бірге өскен тете қарындас, Жан ашыр ондай табылмас. Қашанда, қайда, жолда алыс, Қарындас саған қолғабыс!
Отбасы – жылы ұямыз, Тірегі – ата-анамыз.
Осында үлгі аламыз, Осында адам боламыз.
Ортасы
ФТ. Мұғалім тақырып бойынша әңгіме ұйымдастырады.
Қалай ойлайсыңдар, отбасы мүшелері кімдерден құралған? Оқулықтағы суреттерді қарап шығыңдар.
Ақмаралдың отбасы мүшелерін ата.
Әкесі мен анасы қайда жұмыс істейді?
Атасы мен әжесі немен айналысқанды жақсы көреді? Балалары ше?