аптада жұмыс және демалыс күндері бар екендігін түсінетін болады.
Кейбір оқушылар:
аптаға, демалыс күндеріне жұмысты қалай жоспарлауға болатынын түсінеді.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Мұғалім: – Шатаспа-әңгімені тыңдаңдар.
Бұл әңгіменің қай жері дұрыс емес екендігін айтыңдар.
Ертең мен таңертең ерте тұрдым. Жуынып, жаттығу жасаймын, киініп таңғы ас ішуге
Шатаспа-әңгімені мұқият тыңдап, әңгіменің қай жері дұрыс емес екендігін айтады.
ФТ. Мұғалім оқулықтағы мәтінді оқиды: Күн мен түн ауысып келіп отырады.
Таңертең, кешке, күндіз мен түн өткенде, бір тәулік болады. Күндіз адамдар жұмыс істейді, сабақ оқиды, ал түнде ұйықтап
демалады.
ФТ. Мұғалім сұрақтар бойынша әңгіме өткізеді:
– Таңертең, күндіз, кешке, түнде олар – ...
Тәулік күнтізбесі
Мұғалім балаларға өлең оқиды: Ағайынды жетеуі
Сендерге олар белгілі. Бір-бірінің соңынан. Апта сайын сабылған
Соңғысы кетсе қоштасып, Алдыңғысы табылған.
– Келіңдер, апта күндерін атайық, тек, балалар, әр сөзді зер салып тыңдаңдар. (Апта күндері неге олай аталғандарын өздері түсіндіріп береді). Сонымен,
балалар, бір аптада 7 тәулік немесе 7 күн бар. Әр күннің өз атауы бар.
Ал, кәнекей, санайық, Балаларын аптаның. Орындарын табайық, Сен де босқа жатпағын. Ең үлкені – Дүйсенбі, Барлығының басшысы. Одан кейін Сейсенбі, Дүйсенбіден жасы кіші. Үшіншісі – Сәрсенбі, Ішіндегі сәттісі.
Бел ортада Бейсенбі, Балалардың нақ күші. Жұма – ұлдың ұлысы, Бар мұсылман сыйлаған. Сенбі бөлек ұлы ісі, Бойына күш жиылған.
Кенже туған баласы Жексенбі ғой жігерлі. Қанша бала санашы Атауларын біл енді!
ҚБ. Мұғалім сұрақтар бойынша әңгіме өткізеді:
Кім біледі, бүгін аптаның қай күні?
Кеше аптаның қай күні болды?
Ертең аптаның қай күні?
Қай күндері мектепке барасыңдар?
Әр сөзді зер салып
тыңдайды. Апта күндері неге олай аталғандарын өздері түсіндіріп береді.
Санайды.
Сұрақтарға жауап береді.
ҚБ. Сұрақтар бойынша
Тапсырма. Критерий А. Аптадағы күндер санын қанатша
белгімен белгілейді.
Апта
күндерінің аттары
жазылған кесте
Қай күндері мектепте сабақ жоқ? Неге?
Аптаның қай күнін жақсы көресіңдер? Ол туралы айтып беріңдер.
Оқулық мәтінін оқу. Оқулықтағы сұрақтар мен суреттер бойынша талдау жасау.
Күнтізбе деген не?
Күнтізбе не үшін қажет?
Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады. Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір, Қарлығашқа ұқсайық, Кәне, қанат жаяйық.
Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып алайық.
Тік ұста да бойыңды, Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды тағы да Жеткіз керік жалына.
Ж.ҚБ. Мұғалім жұмыс дәптерінде тапсырма орындауды ұйымдастырады.
Мұғалім «Кімнің апталығы тез
жиналады?» атты ойын ұйымдастырады (карточкалар таратылып беріледі, оқушылар жұптасып немесе топпен апта күндерін ретімен дұрыс жинайды).
Аптаның аяғында кім тұрады?
Апта күндері қалай аталады?
Неліктен бұл күндер демалыс күндері деп аталады?
Оқулықтағы сұрақтар мен суреттер бойынша талдау жасайды.
Сергіту жаттығуын мұғаліммен бірге орындайды.
«Кімнің апталығы тез жиналады?» атты ойын ұйымдастырады
(карточкалар таратылып беріледі, оқушылар
жұптасып немесе топпен апта күндерін ретімен
дұрыс жинайды).