Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана Зум Силлабусты дайындаған: Каинбаева Л. С., п.ғ. к. Силлабус «Физика және математика»



бет2/10
Дата19.05.2022
өлшемі55,06 Kb.
#35016
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Бұл пәнде:
- орта мектепте математиканы оқыту мақсаттары;
- математиканы оқытудағы оқушылардың ойлау негіздері;
- оқушының математикалық іс-әрекеті;
- мектепте математиканы саралап оқыту;
- мектепте математиканы оқытудың мотивациясы
қарастырылады.



Міндеттері:
- магистранттардың жалпы математикалық білім деңгейін жетілдіру;
- оқытудың әртүрлі кезеңдерінде математикалық ұғымдарды түсіну, есептерді
шешу, теорияларды дәлелдеу процесінің психологиялық заңдылықтарын
талдауға үйрету;
- пән бойынша жүйелі білімді қалыптастыру;
- магистранттарды оқу және ғылыми әдебиеттермен өздігімен жұмыс істеуге үйрету.

Пәннің құзыреттілігі
Курсты оқытқаннан кейін күтілетін нәтижелер: Жоғары кәсіби білімнің «Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері» таңдау пәні бағдарламасының мазмұнына сәйкес студенттерге мынадай білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру көзделеді:
- математиканы оқыту барысындағы оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекеттерінің әртүрлі жолдарын қарастыруа білу;
- математиканы оқытудың әртүрлі кезеңдерінде - математикалық ұғымдарды түсіндіру, есептерді шығарту, теорияларды дәлелдеу процестерінде - психологиялық заңдылықтарға да сүйене отыру.
Болашақ мұғалімде өз тәжірибесі туралы сын тұрғысынан ойлану дағдыларының, өзін – өзі жетілдіру қабілетінің болуы.
Болашақ мұғалімнің оқушыларды білім алуға тарту үдерісін жандандыру әдістемесін меңгеруі.



Пререквизиттер
Пәнді толық меңгеру үшін магистрант ЖОО-ның математикалық пәндерімен қатар педагогика, психология, математиканы оқытудың теориялық негіздері және әдістемесі пәндерін толық меңгеруі қажет.

Постреквизиттер
«Математиканы оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері» курсының мазмұны магистранттың болашақ мамандығы бойынша сабақ беру барысында қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет