Мақсаты: ЖОО-дарында математиканы оқытуға қойылатын қазіргі күн талаптарымен таныстыра отырып, болашақ математика магистрін ЖОО-да жұмыс атқаруға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлау.
Міндеттері:Математиканың қазіргі күнгі құрылымын білуге үйрету;
Математиканың пәнін, оның дербес тарауларын оқытудың мазмұны мен ретін білуге үйрету;
Практикалық сабақтарда математиканың жеке тараулары бойынша оқыту барысында ақпараттық технологияларды, коспьютерлік математиканың Excel, Mathcad, Maple жүйелерін қолдануға үйрету.
5В010900 – «Математика» мамандығының мемстандарты негізінде оқылатын математикалық пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларының даярлануын, олардың мазмұндық ерекшеліктерін көрсету
Пререквизиттер
Пәннің практикалық курсын толық меңгеру үшін магистрант жоғары білім берудің мемстандартында белгіленген математикалық пәндерді, информатика негіздері және МОӘ пәндерін жеткілікті деңгейде игеруі қажет.
Постреквизиттер
Математикадан жоғары базалық білім берудің педагогикасы мен методикасын, оқытудың жаңашыл ақпараттық технологияларын, компьютерлік математиканың Excel, Mathcad, Maple бағдарламалық жүйелерін магистрант өзінің зерттеу жұмысында, ЖОО-да қызмет істегенде қолданылатын болады.