Сабақ Өткізілетін күні: 13. 12. 2023 ж Уақыты: 15. 00-16. 00


Дескриптор: Оқушы мәтінді оқи отырып, негізгі ақпаратты түсінеді,анықтайды. Оқушы мәтіндегі қосымша ақпаратты түсінеді,анықтайды. Бүркіт



бет2/5
Дата26.12.2023
өлшемі102,53 Kb.
#143615
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жасымбекова Назира Муратбековна Зейін жобасы

Дескриптор:
Оқушы мәтінді оқи отырып, негізгі ақпаратты түсінеді,анықтайды.
Оқушы мәтіндегі қосымша ақпаратты түсінеді,анықтайды.
Бүркіт

Қазақстан мен Қырғызстанда бүркітті баяғы заманнан-ақ аң аулау үшін баптаған. Ол қоян, түлкі сияқты аңдарды аулауға тез жаттығады.


Бүркіт – мекен-жай ауыстыра бермейтін отырықшы кұс. Ұясын тұрған жерінің жағдайына қарай діңі жуан ағаштардың қуысына, кұз жартастарға, мықты талдарға салады. Бүркіттің ұясы кәдімгідей орнықты кұрылыс. Оның биіктігі кейде екі метрдей болады. Табанына кепкен шөптен, жүн мен қауырсыннан жұмсақ төсеніш салады.
Бүркіттің ұрғашысы еркегінен ірілеу келеді. Екеуінің де қауырсыны қара қошқыл, кей жері сарғыштау болады. Ұясына 1-3 жұмыртқа салады. Оны 45 күн басады. Басты «жылытқыш», әрине, аналық бүркіт. Әйтсе де, еркегі де болашақ ұрпағын аз уақыт та болса бауырына басып жылытады.
Балапандар алғаш ата-анасының тікелей бақылауында болады. Өмір сүрудің алғашқы әліппесін үйренеді. Үш айлығында еркін ұшып-қона алады.
(115 сөз)
(http://bilim-all.kz)

Мәтін бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


1. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.
А) Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді.
Ә) Аққу - тазалық пен нәзіктіктің белгісі.
Б) Аққу әнші құстардың қатарына жатпайды.
В) Аққуды аулауға тыйым салынған.


2. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Негізгі ақпарат:
1)____________________________________________________________________
2)____________________________________________________________________

Қосымша ақпарат:


1)____________________________________________________________________
2)____________________________________________________________________
Негізгі және көмекші ақпаратты анықтауда мәтінді құрайтын категориялар туралы білу керек. Мәтін мазмұннан құралады. Ал мәтін мазмұны бірнеше ақпараттар қабатынан тұрады.
Нақты ақпарат (негізгі және көмекші ақпараттар)
Концептуалды ақпарат.Авторлық көзқарас, бағалау
Дискурстық ақпарат. Мәтінді қалыптастырған сыртқы сөйлеу жағдаяттары (мектеп бітіру кешінің өтуі қалыптасқан дәстүр)
Мәтін мазмұнын талдау нақты ақпараттан басталады. Фактуалды ақпарат деп те атайды. Фактуалды ақпараттарды негізгі және көмекші деп бөледі. Фактуалды ақпарат анықталған соң, концептуалды ақпарат анықталады. Бұл мәтіндегі берілген ақпаратқа автордың көзқарасын білдіретін бағалау мәнді сөздер болады.
Мәтіндегі негізгі ақпарат дегеніміз мәтін мазмұнын құрайды.Негізгі ақпаратты алып тастаса,мәтін мазмұны өзгеретін ақпарат.Мысалы:
Бүркіттің ұясы кәдімгідей орнықты кұрылыс. Балапандар алғаш ата-анасының тікелей бақылауында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет