Сабақ өткізу үшін Әдістемелік нұСҚаулық 2023 Мазмұны


Зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі



бет2/20
Дата27.11.2023
өлшемі130,83 Kb.
#129164
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы қағидалары

Зертханалық жұмысты орындаудың алдында төмендегі жалпы техникалық қауіпсіздік ережелермен танысуы қажет.



  1. Әрбір жұмысты орындау алдында оның барлық белгілі кезеңдерін және күдіктілік туғызбауы қажет

  2. Химиялық зерханада жұмысты орындау кезінде ұқыпты, асықпай жасау керек.

  3. Киімді химиялық реактивтердің әсерінен қорғау үшін халатпен жұмыс жасау керек.

Реактивтерді пайдаланғанда белгілі қауіпсіздік шараларды сақтау керек.

  1. Уландырғыш, ұшқыш және өткір исті заттармен жұмысты ауа алмастырғыш шкафтың астында істеу керек, ауа алмастырғыш шкафтың 1/3 бөлігін ашамыз.

  2. Егерде пайдаланатын реактивтің этикеткасы болмаған жағдайда жұмысқа қолдануға болмайды.

  3. Қышқылдар, сілтілер қалдықтарын, өртке қауіпті заттарды су құбыры жолына төгуге болмайды, аталған заттарды арнаулы ыдысқа құю керек, ол ауа алмастырғыш шкафтың астында болуы қажет.

  4. Егер концентрленген күкірт қышқылын суға қосқанда (немесе керісінше) аздапған өлшемін қосып араластыру қажет.

  5. Өртке қауіпті заттармен жұмыс орындаған кезде оттық немесе электр аспаптарынан жақын болмауына жол берілмеуі керек.

  6. Концентрлі қышқылдар мен сілтілер ерітінділерін пипеткамен алу кезінде резина грушасын немесе су ағымының сорғышын қолданған жөн.

  7. Ыстық сұйықтарды қалық қабатты ыдыстарға құюға болмайды.

  8. Раковинаға әрекеттеспей қалған маталл қалдықтарын тастауға болмайды.

  9. Химиялық активті заттармен жұмысты орындаған кезде ( концентрлі қышқыл, сілті, сілтілік металдар, фосфор,бром т.б.) қорғаныш көзілдік кию керек.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда сәтсіз оқиғаға әкеліп соғады, ол жолдастарының жұмысына үлкен әсер етеді.
Зертханадағы барлық студенттер бірінші көмекті көрсетуді әсіресе күйік және улану кезінде жәрдем көрсетуді білулері қажет.
Термиялық күйік кезінде теріні спиртпен сүртіп, одан кейін күйікке арналған майда қолдануы қажет.
Теріге қышқыл немесе сілті тиген жерді алғашқыда қатты су ағынымен жуу керек, содан кейін егер қышқыл тисе 3%-ті пайызды натрий карбонаты ерітіндісімен, ал сілті болғанда 1 % -ті бор қышқылы ерітіндісімен жуады.
Егерде реактив көзге тисе, онда көзді судың ағынымен жуу керек, жедел дәрігерге жіберіледі.
Егер зиянды газдармен уланған кезде жазғырылғанға таза ауамен қамтамасыз етілуі қажет.
1 Зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет