Батыр қыз - Мәншүк
Алматыдағы №28 мектеп Мәншүк Мәметованың атында. Мәншүк сол мектепті бітірген. Оның әкесі Ахмет дәрігер болған. Мәншүк анасы Әмина ұстаз еді. Мәншүк тәртіпті, тапсырманы уақытында орындайтын ұқыпты еді. Ол жүректі, батыл жауынгер болды. Жолдастарының алдында сыйлы, құрметті болатын. Майданда түрлі ұлттан құралған жауынгерлер оны «Біздің Мәншүк» деп жақсы көретін.
Сөйлем диктанты.
Манат пен Жанаттың әкесі – шешесі жұмысқа ерте кетеді. Манат пен Жанат апасына үнемі көмектеседі. Манат төсек жинап жатыр. Жанат кішкене інісін киіндірді. Енді оны балабақшаға апару керек. Манат түскі тамақты пісіріп қояды. Жанат екеуі сабағын бірігін даярлайды. Манат пен Жанат бесінші сыныпта оқиды. Олар сабақты жақсы оқиды. (47 сөз).
Жаз
Жаз келді. Күн жылы. Оқушылар мұғаліммен бірге серуендеуге шықты. Олар өзенге келді. Бірнеше бала суға шомылды. Әсел гүл теріп жүр. Айна көбелек ұстады. Роза мен Гүлден мұғаліміне гүл теріп әкелді. Асқар мен Әмина гүлден гүлтәжі жасап жатыр. Бір топ бала жасыл алаңда доп ойнап жатыр.
Әсет
Әсет – менің ең жақсы досым. Ол жақсы оқиды, тәртіпті. Мен оны сол үшін сыйлаймын. Әсет алтыншы сыныпта оқиды. Әсеттің әкесі – инженер. Апасы мектепте мұғалім. Бұлар ауылға белгілі жайсаң адамдар. (30 сөз).
Біздің жанұя
Біздің жанұямызда сегіз жан бар. Атам мен Әжем құрметті демалыста. Әкем жүргізуші. Шешем тігінші болып істейді. Атам мен Әжемнің ортасында кішкентай Әсел отыр. Әжемнің сол жағында Сәуле отыр. Ол бірінші сыныпта оқиды. Әжемнің оң жағында Қанат отыр. Ол бесінші сыныпта оқиды. Шешем самауырдан ақ кесеге шай құйып жатыр. Бәріміз шай ішіп отырмыз. Дастарханда нан, қант, май, бал бар. (56 сөз).
Әсет
Әсеттің әкпесі Назгүл сегізінші сыныпта оқиды. Ағасы Мұхит оныншы сыныпта. Әсеттің үй – іші түгел саздық аспаптарда ойнай алады. Ән салып, би билейді. Олардың жанұялық ансамблі ауылда жиі өнер көрсетеді. Үлгілі жанұядан тәрбие алған Әсет оқуға да зерек. Мен досыма өмірде де, өнерде де сапар тілеймін. (46 сөз).
Бақшада
Күн көтеріліп қалды. Балалар шаршады. Олар сасайын деді. Қабікен қарт аян жүрекпен – ақ оларға жетуге айланды. Екі ересек бала озып кетті. Кіші бала бақырып жылап жіберді. Ол қауынды тастай қашты. Қабікен қарт ол қауынды қолтығына қысып алды. Ол балалардың сонынан ілесе берді. Сәлден соң ересек балалар да қауындарын қалдырып кетті. Қабікен қарт қауындарды да жинап алды. (56 сөз
Бал арасы
Еңбек етуді арадан үйрену керек. Ол күні бойы тыным таппайды. Гүлден – гүлге ұшып қонады. Шырын жинайды. Бір килограм бол жинау үшін қанша еңбек ету керек? Ол үшін ара он тоғыз миллион гүлге қонады. Үш жүз мың шақырым жерді шарлайды. Бал арасы осындай еңбекқор келеді.
Қарағай
Бақта биік қарағай өсіп тұр. Көктемде қарлығаш пен торғай ұя салды. Торғай балапанын ерке қылып өсіреді. Балапаны тек ойынды ғана біледі. Қарны ашса, шешесіне келіп аузын ашады. Ал қарлығаштың баласы еңбексүйгіш болып өсті. Күз түсті. Екі балапан да ер жетті. Қарлығаштың балапаны жылы жаққа ұшып кетеді. Торғайдың балапаны бақта қалады. (32 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |