Сабақ Педагогтің аты-жөні Күні: Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны


Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)



бет15/15
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#20435
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2сын өзін өзі тану қмж 130 б

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім гүлі» кері байланыс.






Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы білдіреді.

«Білім гүлі»

«Білім гүлі» кері байланыс парағы

8-сабақ



Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

оқушыларға өзін және басқаларды құрметтеуге үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең

уақыт


Педагогтің әрекеті

Сабақтың кезең

уақыт


Педагогтің әрекеті

Сабақтың кезең

уақыт


Басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.




ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы

Біреуді артық, біреуді кем санамай,

Жұрттың бәрін құрметтей біл.

Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Өздерің үлкендерге қалай құрмет көрсетесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өмір жаңғырығы1

Ф. Тайтелиев

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан “А-а-а-а! ” деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: “Сен кімсің?” деп дауыстағанда, Ғаниға:”Сен кімсің?” деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: ” Сен қорқақсың!” – депайқайлады. Таудан шыққан дауыс та: “Сен қорқақсың!” деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: “Әке, бұл кім өзі?” деп сұрады. Әкесі: ” Ұлым, менің сөзіме құлақ сал”, – деді де тауға қарап тұрып: “Мен сені жақсы көремін!” деп айқайлады. Таудан: “Мен сені жақсы көремін!” деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: “Сен әдемісің!” деді. Жауап: “Сен әдемісің!” деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: “Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!”



Сұрақтар:

1. Істеген ісіне жауапты болу дұрыс әрекетке жата ма? Неге?

2. Қандай әрекеттердің жемісін рухани байлыққа жатқызуға болады?

3. Адам өміріндегі дұрыс әрекеттің маңыздылығын дәлелдейтін өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.

4. Сіздер қандай дұрыс әрекеттер жасадыңыздар? Неге?


Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(ұжымда)
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



Оқылым, жазылым тапсырмалары.



Соңы

Топпен ән айту.

Бақытты балалар әні
Өлеңін жазған: Қосжан Мүсірепов
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.
Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.

Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.




ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.


Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

«Рефлексия» кері байланыс.



Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы білдіреді.

«Рефлексия»

Кері байланыс тақтай

шасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет