Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс. 3-тапсырма: Кімнен жақсылық жасауды үйреніп жүрсің? Сол адамға не сыйлар едің, суретін салып, бояу. 4-тапсырма: Суреттерге қарап, ондағы балалардың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайтындарын айтып беру.
Дескриптор:
жаңа білімнің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
Сабақтың қорытынды сәтi. Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.