Сабақтың басы
|
Сергіту жаттығуы
«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
Жаңа топ құру
Топтарға бөлу.
А сық арқылы бөлу
Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
1-топ: «Алтын асықтар»
2-топ: «Күміс асықтар»
3-топ: «Қола асықтар»
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Логикалық операторлар
(Ұ) Сабақты «логика дегеніміз не?» сұрағынан бастаңыз. Осы ұғымды қалай түсінетіндерін, нақты өмірде қашан және қалай қолданатындарын сұраңыз.
(Ұ) «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ», «ЕМЕС» сқздерінің мағыналарын талдаңыз. Оқушыларға ойын ойнатыңыз.
1) Көк түсті киім киген оқушыларды тұруларын сұраңыз. Оқушылар санын есептеңіз.
2) Көк түсті киім киген және қара түсті рюкзак ұстаған оқушылардың санын анықтаңыз. Оқушылар саны айтарлықтай азаяды.
3) Көк түсті киім киген немесе қара түсті рюкзактары бар оқушыларды анықтаңыз. Олардық саны айтарлықтай көбейеді.
4) Көк түсті киім, бірақ пиджак емес киген оқушылар санын анықтаңыз. Оқушылар саны айтарлықтай азаяды.
Оқушылармен бірге жұмысты қорытындылаңыз: ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялардың айырмашылын және олардың қажеттілігн анықтаңыздар.
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала
ры
|