(Т) «Карусель» атты белсендігін өткізіңіз. Сыныпты үш топқа бөліңіз. Әрбір топқа бір логикалық операторды қарастырып, жұмыстың нәтижесін постер ретінде рәсімдеулерін талап етіңіз.
Одан кейін постерлер шеңбер бойынша, кезек көршілес шағын топқа беріледі. Жұмыс әркімге оның постері оралғанда аяқталады.
(К) Ойын ортасында логикалық операторларды қалай пайдалану керектігін оқушыларға көрсетіңіз.
Дескрипторы:
- айнымалыларды қолдана алады;
- кірістірілген қайталау операторын жүзеге асыра алады;
- мәтінде қарапайым кестелер жасай алады
- логикалық операторларды пайдалана алады;
- салыстыру операторларын пайдалана алады;
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырма
лары.
Сергіту сәті
Сергіту сәті «Қызыл гүлім – ай»
Оқушылар сергіту сәтін жасайды.
Сабақтың соңы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану (Ө, Ж) «Баға» атты программаны жазу үшін, оқушыларға дайын блоктарды қолдана отырып, скрипт құрастыруды ұсыныңыз: кейіпкер 5-баллдық шкала бойы (1, 2, 3, 4, 5) баға қоюды сұрайды. Бұрыс баға қойылған жағдайда (1-ден кем немесе 5-тен артық) «Мектепте мұндай баға жоқ!» деген, ал баға дұрыс қойылса «Әрі қарай жүрейік!» мәлімет экранға шығу тиіс.
(Ө) Оқушылардан бұрын жасалған мәтіндік құжаттағы ойын сценарийін толықтыруды сұраңыз. Әзірленген ойында логикалық операторларды болуы тиіс екенін ескеріңіз.
Ойтолғаныс Рефлексия. Сөйлемді толықтыр:
Маған ... ұнады.
Мені ... таңғалдырды.
Мен ... болғым келеді.