Сабақтың басы
|
(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:
1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
2-топ: « Ептілер » (сары түсті)
3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)
Шаттық шеңбері
Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)
Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін
Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?
Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.
Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
(Ұ, К) “Scratch ортасында костюмді ауыстыру” атты бейнені көрсетіңіз. Программаның нәтижесін, костюмді ауыстыру қай қойындыда орналасқанын және берілген спрайтта неше костюм барын талдауды ұсыныңыз.
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
|