Сабақ Пән: Қазақ тілі Деңгей орташадан жоғары Лексикалық тақырып: Ұлттық кадрлар мемлекеттің негізі



бет2/4
Дата28.11.2022
өлшемі138,44 Kb.
#53130
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ 8

Грамматикалық түсініктеме



Сын-қимыл бағыныңқы құрмалас сөйлем

Сұрағы: Қалай? Қайтіп? (как?), Қалайша? (каким образом?).



Баяндауышы – ып,-іп,-п; – а,-е,-й; – ғандай/гендей қосымшалы көсемшеден жасалады.



Оқушылар шатырларын тез жинап (қайтіп?), келген автобусқа отыра бастады. Залдағы айнаға қарай, (қалай?), артына көз салмастан жұмысын айта бастады. Әкесінің айтқанына қарсы дау айтпай (қалайша?), келісім берді.


2-тапсырма. Сөйлемді көшіріп жазып, қандай құрмалас сөйлем екенін анықтаңыз.


  1. Professio – латын сөзі. Өз ісім деген мағынаны береді. Өз ісім – кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде алынатын белгілі бір білімдер мен жұмыстарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады.



  1. Қазақстанның жастар конгресі әлеуметтік саламен, жастарға қолдау көрсетумен шұғылданады.



  1. Жастар саясатының мақсаты – 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіріп, еңбегімен кемелденген әлеуметтік-жауапты қызметкер қалыптастыру. 4. Республиканың кейбір ауыл мекендері қаладан алыс орналасқандықтан, қажетті кадрлар барлық салада жетіспейді.



3-тапсырма. Төмендегі мәліметтерді қолдаңыз не қарсы пікір айтыңыз.



  • Қазақстанда

Орта білім тегін, жоғары білім ақылы.



  1. Мемлекет жастардың 20%-ын ғана мемлекеттік грантпен қамтамасыз етеді.

Орта білімнің өзінде бюджеттен бөлінген қаржы түпкілікті мақсатына жетпей оқушылардан ақша жиналады (мысалға, жыл сайын мектептің жөнделуіне құрылыс заттары, кейбір оқулықтарға және т.б.).


2

37

Қазақ тілі. Лингвокешен. 4-ші деңгей


Жастардың 45-50%-ы жұмыссыз жүр.

Соның салдарынан әлеуметтік азғындық (арақ-шарапқа салыну, нашақор болу, қылмыс жасау, жастайынан отбасын құрмай балалы болу, баланы алдыртып тастау және т.б.) жайлаған.


Тұрғын үй мәселесі бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып, жастардың басым бөлігі үйсіз-күйсіз босқындап жүр.




  1. Осының салдарынан жастарымыз үйленуден бас тартып, демографиялық мәселе өткірлеп, болашаққа «халықтың қартаюы» («старение населения») дайын болып отыр.

Ал баспанасы жоқтығына шыдай алмаған жас отбасылар арасында түсініспеушілік туындап, ажырасу-айырылысу саны артуда.



4-тапсырма. Төменде берілген қиындықтар мен қателіктер сізде болды ма?

Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орнынын дұрыс таңдау қажет. Мамандықты таңдау ережесі жайлы, болашақ мамандығыңның ісі

жайлы да жақсы мағлұмат алған дұрыс.

Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер:



  1. Достарыңнан қалмай не ата-анаңның көңілін қимай мамандық таңдау;

  2. Мамандыққа бағыт-бағдар берушілерге ден, көңіл қою.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет