5-тапсырма.№8 мәтінді толық тыңдаңыз және фигурадан сәйкес келмейтін қасиетті алып тастаңыз.
6-тапсырма. Берілген сұрақтарға сүйене отырып, мәтінді өз сөзіңізбен мазмұндаңыз.
Ұлттық кадрлар – олар кімдер?
Ұлттық кадрларды даярлау үшін, үкімет қандай шара қолданды?
«Болон декларациясы» дегеніміз не?
«Болашақ» бағдарламасы қай жылы құрылды?
7-тапсырма. Берілген сұрақтарға сүйене отырып, шағын әңгіме құрыңыз.
Қазақстанда қандай ұлттық кадрлар жетіспейді?
Ұлттық кадрларымыз жеткілікті болса, мемлекетіміздің жағдайы қандай дәрежеге жетеді?
Ұлттық кадрларды дайындаудағы мақсат не?
«Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты неде?
8-тапсырма. Логикалық тапсырма.
1 Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?
Жауабы: Қазір екінші орындасыз.
38
Қазақ тілі. Лингвокешен. 4-ші деңгей
Өзіңізді тексеріңіз.
«Әкеңнің ұлы болғанша, ....» мақалды аяқтаңыз:
халқыңның ұлы бол
ананың көзі балада
қарызыңнан құтыла алмайсың
ұл өсер
Қимыл-сын мәнді сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз: a) Күлген жақсы, бірақ шектен аса күлу – мәдениетсіздік.
b) Мен келдім, – уәде берген досым жоқ.
c) Сен жақсы оқығаныңда, бес алып кетер едің.
d) Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |