2-тақырып. Қазақ тілінің соңғы орфографиялық сөздігі, ондағы өзгерістер мен толықтырулар. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі.
Өткізу формасы: практикалық сабақ.
Сабақтың мақсаты: «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» соңғы басылымындағы өзгерістерін сипаттау. Әріптердің жазылу ережелерін меңгеру.
Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Қазақ орфографиясының зерттелуі
2. Қазақ орфографиясының өзгерген тұстары.
3. Емле ережелеріне енген толықтырулар.
4. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерінің жазылуы.
Әдістемелік нұсқаулар:
Орфографияны зерттеуші ғалымдар еңбектерімен және сөздіктегі өзгерістермен танысыңыз. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін» пайдаланып, әріптердің емлесін еске сақтаңыздар.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2007.
2.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2008.
3.Орфографиялық сөздік /Алтыншы басылым. Құраст.: Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова. - Алматы:«Дәуір»баспасы, 2013.720бет.
4.Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. (Емле, тыныс белгілері, сөз сазы) Алматы, 2016.
5.Ерғалиев Қ.С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Павлодар, 2018.
1-тапсырма.
Сый, тый түбірінен туынды сөздер жасап, сөз тіркесін құрастырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |